Кітаптың құдірет-қадірі
01/09/2026, 17:54

КІТАП ТАҢДАП ҮЙРЕНУ

Сәнге айналған кітаптарға сене бермеңіз

Кез келген кітап дүкеніне кірсең, бірден көзге түсетіні – өзіңді-өзің дамыту, сұмдық мотивацияны иелену, позитивті болып, күліп жарқырап жүруге қатысты әдебиеттер жинақталған сөрелер.

Бұл – тренд, жай ғана сән. Осыдан кейін күліп жүрметйіндер табысқа жете алмайды деген пікір қалыптасуы мүмкін. Алайда адамның темпераменті әртүрлі. Осы тақырыпта жазылып жатқан кітаптар қаншалықты пайдалы? Әлде зиян тұсы басым ба?

Шетелдік бір сайтта қызық мақаланы оқығаны бар. ол жерде қазіргі қоғамның позитив көңіл-күйді сақтауға қатты алаңдайтынын, мәдени үрдістердің адамдарды бақытты болу идеясына көсілуге алып келгені туралы жазыпты. Иә, қазір адамдар осы тақырыпта жазылған кітаптарды сатып алып, өзін-өзі жетілдіру тақырыбында шебер-сыныптарына барып, әлеуметтік желілердегі парақшаларында мотивациялы сөздерді жариялағанды әдетке айналдырды.

Мақалада бүгінгі күні бақыт бойынша сарапшының (батыс қоғамындағы әңгіме ғой, бізге әлі жете қоймаған) көмегіне жүгініп, түрлі менталды тәжірибелерді зерттеп, мобильді қосымша арқылы ішкі ризашылыққа қол жетуге болатыны туралы айтылыпты.

Бүгінгі таңда АҚШ-тың миллионнан астам әскерилері позитивті психология курсынан өтіп жатса, Ұлыбритания мектептерінде оптимизмді оқытады екен. Ал халықтың әл-ауқаты жалпы ішкі өніммен қатар «бақыт индексі» арқылы да өлшенетін болды.

Автор пессимистердің келіссөздер жүргізуде табысқа жиірек жететінін атай өтіп, олардың шешім қабылдауда көреген болатынын айтады. Есесіне, бұл адамдар жүрек ұстамасына азырақ шалдығады екен. Тағы бір қызығы – циник адамдардың некесі берігірек, айлығы көбірек, өмірі ұзағырақ болатыны айтылыпты. «Естімеген елде көп» деп осыны айтыңыз.

Ал жақсы көңіл-күйдің өз кезегінде кемшіліктері де аз емес болып шықты: ол мотивацияның азаюына әкеліп, ұсақ-түйектерге зейінді кемітіп, адамды сенгіш әрі эгоиске айналдырады екен.

Оптимистердің ішімдікке, артық тамақ жеуге және жыныстық қатынастарға құмарлығы артығырақ болатыны да анықталыпты.

Мақала авторы «Неге осылай болады?» деген сауал тастап, оған өзі: «Себебі, біздің сезімдеріміздің нақты қолданысы бар», - деп жауап береді.

Ыза, мұң және пессимизм адамның бақытсыз, сәтсіз екенін аңдатпай, керісінше, бұл сезімдер пайдалы қызмет атқарып, эволюция барысында бізге тірі қалуға көмектесу үшін дамыған көрінеді. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: