Кітаптың құдірет-қадірі
22/08/2026, 23:19

КІТАП ТАҢДАП ҮЙРЕНУ

... оқу міндетті емес

Ол үш мектеп ауыстырды. Барлық жерде қазақ әдебиетін оқытқан ұстаздар өз пәнінің «фанатиктері» болды. «Абай жолын» оқымаған қазақ қазақ емес», - деуші еді Күлмесхан апайы. Ол кісі шыныменен де ешқашан күлмейтін. Оның ойынша, осылай намысқа тиюдің арқасында ұлы ақынымыз туралы эпопеяны оқитын шығарсың, әйтсе де баланы бұлай ынталандыруға болмайды. Сол сөздерден соң ол «Абай жолы» жазылғанға дейін өмір сүрген қазақтардың жағдайына жаны ашып, олардың қазақ болып «өте алмағандығына» жүрегі ауыратын. Яғни, мұғалімдер психологиялық тұрғыдан баланы дұрыс бағыттамайды. Кітап оқуға баулуды осындай тілдік конструктілер арқылы жүргізбеу керек. Онда романның төрт томдығы бар. мұғалімдерінің әлгі айтқан сөздерінен кейін бірталай жыл өтсе де, бір томнан аса алмады.

«Абай жолы» романын оқу міндетті деп санамайды. Тура солай әрбір орысқа да Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» эпопеясын оқу да міндетті емес деп ойлайды.

Орыстың ұлы жазушысының тағы бір романы «Анна каренинаны» оқып отырып, оның бітуіне жиырма бес беттей қалғанда, шыдай алмай, жапты. Бұл кітаптың оған түк те қызық емес екенін түсінді. Бас кейіпкердің, оның айналасындағылардың болмысы, ойлары ол үшін түсініксіз болғанын көзі жетті. Әрине, Лев толстой өзі өмір сүрген замандастардың тап-табымен психологиясын, әдеттерін, ойларын шебер сипаттап берген.

Кітап дегеніміз – өткен замандарда өмір сүрген адамдардың келер ұрпақпен тілдесу, сырласу құралы. Мың жерден тырысып бақсаң да, өткен дәуірлердің атмосферасын, ерекшеліктерін, ол кезде өмір сүрген адамдардың менталитетін ұғына алмайсың.

Заман ауысқан сайын киім, әбзел, тұрмыстық заттардың атаулары да өзгереді. Көп нәрсе уақыт өте қолданыстан шығады. Сондықтан өткеннің кітаптарын оқи отырып, қандай заттар туралы айытылып отырғанын, оны қалай пайдаланғанын, не үшін қолданғанын тағы түсіне бермейсің. Тілдің өзі де ғасырлар өте өзгеріске ұшырайды.

Қай заманды алып қарасақ та, жазушылардың көтеретін тақырыптары – адамзаттың фундаменталды құндылықтары. Бастысы осы.

Ақ пен қараны ажырату үшін Сенеканы не Шекспирді оқыдың ба, қазіргі замандасыңның кітабынан нәр алдың ба, еш айырмашылығы жоқ. Маңыздысы – оқыған авторың айтып отырған фундаменталды құндылықтардан хабардар болуы керек.

Апулей Рим империясы заманындағы тілмен сөйлесе, Абай өз заманының тілімен сөйлейді, қазіргі сенің замандасың сен түсінетін тілде сырласады. Бірақ үшеуінің де көтеріп отырған мәселесі бір.

Оның ойынша, филологиялық, мәдени және басқа да айырмашылықтарға басты қатырмай, өз замандасыңды оқыған жеткілікті. Бірақ замандас жазушың өзің оқымаған Сенеканы, апулейді, Әуезовті оқуы шарт. Себебі, бұл – оның кәсібі. Олар жазған дүниелерді іштей қорытып, бойына сіңіріп, әр заманға ортақ құндылықтарды сенің тіліңде жеткізуі керек.

Оқыма демейді, өз еркіңізде, бірақ оқу міндетті емес деп санайытынын тағы бір қайталайды.   

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 3 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: