Кітаптың құдірет-қадірі
08/06/2026, 21:42

КІТАП ТАҢДАП ҮЙРЕНУ

Саясаткер Мәулен Әшімбаевтің кеңесі

Бірде саясаткер Мәулен Әшімбаевпен Астанадағы кеңсесінде кездесті. Екеуі шай ішіп отырды. Ол кісі әңгіме барысында: «Қазір қандай кітап оқып жүрсің?» - деп сұрады. Ол оқып жатқан кітаптарын айтты. Осы кезде қазақтың этнографиясына қатты көңіл бөліп жүрген. Кітапханасында тарихымызға қатысты дереккөздер жинаға бар еді. Елдің өткенін білмей, оның болашағы туралы пайымдау мүмкін емес деген пікірде болатын.

Мәулен Сағатханұлы сөздерін тыңдап отырды да: «Өткенді білген жақсы, бірақ біз саясаттанушы болған соң, тек өткенімізді қазбалай бермей, бүгінгі күні шығып жатқан зерттеулерге де көбірек көңіл бөлгеніміз маңыздырақ», - деді.

Сөз өтімді болу үшін соңғы жылдары шыққа Фарид Закарияның The Post-American World және The Future of Freedom: Illiberal Democracy at Home and Abroad кітаптарын, Фрэнсис Фукуяманың The Origins of Political Order: From Prehuman Times to the French Revolution және Тома Пикеттидің Capital in the Twenty-First Century еңбектерін оқып шығуға кеңес берді.

Әңгіме барысында ол кісі соңғы кездері қазақ және орыс тілінде кітап оқығанды қойғанына бірнеше жыл болғанын, содан бері тек ағылшын тіліндегі еңбектерді ғана оқып жүргенін айтты. Мұны әуелі олардың мамандықтары бойынша ең өзекті еңбектердің басым бөлігі бүгінде, негізінен, ағылшын тілінде шығатынымен түсіндіруге болады. Әлемде жылына жүз кітап шықса, соның сексені ағылшын тілінде. Есесіне, олардың біраз бөлігі (қазақ тілін қоспағанда) орысшаға аударылмайды, аударылғанның өзінде арасында бірер жыл өтеді. Мәселен, Мойзес Наимнің «Конец власти» еңбегі ағылшын тілінде алғаш жарияланғаннан кейін орыс тіліне үш жыл өткен соң ғана аударылды. Үш жылда әлем жаңа, ақпараттың өзі тез ескіреді. Мәулен Сағатханұлы оған ағылшын тілін көбірек оқуға кеңес берді.

Ол кісіден: «Ағылшын тілінде оқып үйрену қиынға соқпады ма?» - деп сұрағанында: «Мен жанымды қинадым, осындай жауапты қызметте отырғандықтан (ол кезде Мәулен Сағатханұлы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болатын) ағылшын тілінде шығып жатқан ғалымдардың кітаптырндағы жаңа әлемдік концепцияларды білуге міндеттімін ғой», - деп жауап қайтарды. Шетелге іссапарға шықса, бір сөмке кітап арқалап келетінін де жасырмады.

Әңгіме соңында әлем келбетінің ауысуына ықпал етіп жүрген дүниежүзіндегі мықтылардың, соның ішінде Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы миллиардер Марк Цукербергтің кітап тізімдеріне көңіл аударып жүру маңыздылығын атап өтті. Содан соң: «Күніне кем дегенде жарты сағат уақытыңды кітап оқуға арнауды ұмытпа», - деді.

Мәулен Сағатханұлынан кітап оқуға байланысты осындай көп пайдалы кеңестерді алудың өзі бір ғанибет деп біледі.    

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 2 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: