Кітаптың құдірет-қадірі
02/06/2026, 23:03

КІТАП ТАҢДАП ҮЙРЕНУ

Оны «батыр» деуші еді

Бейсен Құранбек кітабымен танысып шыққан соң, әлеуметтік желідегі парақшасында пікірін жазды:

«БАЮ, МИЛЛИОНЕР БОЛУ, ТАБЫСҚА ЖЕТУ тақырыбындағы кітаптар біздің нарықта өте көп. Олардың 90 пайызы орыс тілінде. Соңғы жылдары ана тілімізде осы тақырыпта бірді-екілі дүниелер жарық көре бастады. Бірақ олардың да 90 пайызы аннан-мұннан жұлып алынған немесе сол қалпында көшірілген дүмбілез дүниелер.

Бақытжан Бұқарбайдың «КҮНКӨРІСТЕН КЕТ, БАЙЛЫҚҚА ЖЕТ!» кітабы қолыма тигенде де сондай шата шығармашылықтың жемісі шығар деп күдіктенгенім рас. Қателесіппін. Бір деммен тоқтамастан оқып шықтым. Өзіме пайдалы көп ақпарат, хабарға қызықты кейіпкерлер мен қонақтар таптым.

Бақытжанның кітабының ерекшелігі неде дейсіз ғой? Ол алдымен батыста қалыптасқан үлгімен оқырмандардың қалауы туралы әлеуметтік, маркетнигтік зерттеу жасап, бизнеске қатысты өзекті тақырыптарды таңдап алыпты. Сонымен қатар, болашақ оқырмандарын қызықтырған кәсіпкерлердің есімдерін анықтапты. Содан кейін, олардың «ізіне түсіп», әрқайсымен жеке сұхбаттасыпты. Оны диалог түрінде бермей кәсіпкерлердің атынан баяндапты.

Оқып отырып кітаптың кейіпкерімен оңаша әңгімелескендей боласың. Бізде де осындай мықтылар бар ғой деп сүйсінесің. Олардың ой-пікірлері, тәжірибелері миыңа құйылып қалады. Меніңше, бұл кітап болашақ бизнесмендерге ғана емес, өмірде өз жолын тауып, табыстың шыңына шыққысы келетін әр жасқа өте пайдалы болмақ».

Танымал журналист ағасы өзінің кітап оқу әдісімен де бөліскендей еді: «Жылдар бойы қалыптасқан өзімнің кітап оқу әдетім бар. бірінші, кітапты бастан-аяқ ақтарыстырып шығам. Айдарларын оқимын, берілу тәсілін қараймын, көлемін, бетін санаймын. Одан кейін мазмұнына тез көз жүгіртем. Осыдан кейін миым»байқап көрерлік екен» деген шешім шығарса, алғашқы 20-30 бетін жылдам оқу әдісімен оқып шығам. Одан соң барып, толық оқуға бола ма, жоқ па екені белгілі болады. Оқуға лайық деп тапсам ғана қол тигенде асықпай сіңіріп оқимын».

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 2 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: