Кітаптың құдірет-қадірі
26/05/2026, 22:33

КІТАП ТАҢДАП ҮЙРЕНУ

Оны «батыр» деуші еді

2018 жылы жазда Бейсен Құранбек ағасын Көк базардың маңында кездейсоқ кездестіріп қалды. Аз болса да, жақсы әңгімелесе алды. Ағасының адамға «батыр» деп сөйлейтіні ерекше әсер беруші еді. Келесі күні де жолығып, әңгімелерін шай үстінде жалғастырамыз деп келісті. Сол күндері басуға дайындап жатқан кітабы «Күнкөрістен байлыққа жет!» деп аталатын. Бірақ ағасы бұл туралы әлі білмеді. Ең қызығы үшінші күні болды. Алматыда бір мейрамханада дизайнерімен жолығып, жаңадан шыққалы отырған кітабының мұқабасына соңғы өзгерістерді енгізуі керек-тін. Ол әдеттегідей ерте келді. Қараса, сол жерде Бейсен ағасы отыр. Үлкен мегаполисте қатарынан үш күн көріссе, соның екеуі таза кездейсоқ болды. Сенер-сенбесін білмейді. Басында бұл Бейсен ағасы емес, көзі қолжазбаны қайта-қайта тексеріп оқи бергеннен әбден талған болар деген ой да келді. Бейсен ағасы да сол жерге бір кісімен кездесуге келген екен.

- Қызық болды ғой, батыр. Бұл жолы бізді не мақсатпен жолықтырды екен? – деп таңғалды.

- Кітабымды шығарғалы жатыр едім, аға, осында дизайнермен мұқабасын реттеуге келдім, - деді.

- Не кітап?

Мұқабасын көрсетті, ағасына мазмұны жайлы айтып берді.

- Батыстың кітаптарын көп кемірген жігітсің, атауы да батысша шығыпты. Сен «күнкөрістен» сөзінен кейін «кет» сөзін қос. Бір жағынан ұйқас, екінші жағынан қазақ оқырманына жақындайды. «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!» деп ата, көресің, кітабыңның жолы ашылады, атауы халық аузындағы тіркеске айналады. Ертең маған алғыс айтасың. Не үшін бүгін де кездестіргенді енді түсіндім, - деді.

Сөйтіп, бір жыл жазған еңбегінің соңғы нүктесін Бейсен ағасы қойды десе де болады. Кітабы оқырманға «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!» атауымен танылды. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: