Кітаптың құдірет-қадірі
18/05/2026, 23:24

КІТАП ТАҢДАП ҮЙРЕНУ

Содан бері кітапханаға бармайды

Бала кезден кітапханадан шықпайтын болса да, студенттік шақтан бері керек кітапты тек сатып алып оқимын деп шешті. Қалай болғанын айтып берсін.

Бірінші курста оқып жүргенде Алматыдағы Ұлттық кітапханаға барды. Ол барған күні ол жерде адам әдеттегіден гөрі көбірек болған сияқты. Тіркеліп, оқырман билетін ашу үшін жарты сағаттай кезекте тұрды. Электрондық базадан кітапты іздеп көрейін десе, компьютердің алдында екі-үш студент кезекте тұр екен. Жарайды, ескіше әрекет етейін деп картотека жаққа қарай барды да, сол жерде тартпаларды бірінен соң бірін ашып, келесі жарты сағаты карталарды ақтарумен өтті. Керек әдебиет табылған соң, оны кітапханашыдан алу үшін тағы да кезекте тұрды. Сосын қолдағы олжамен оқу залына кірсе, бос орын жоқ екен. «Ішіндегі керек ақпараттың көшірмесін жасап алайын» деген оймен ксерокс жаққа беттеді. Ол жерде де ұзын-шұбақ кезек. Жарты сағаттай кезекте тұрып көшірмені жасаған соң кітапты қайта тапсыруға қарай жүрді. Қайта кезекке тап болды. Түсмезгілі де жетіп қалды, қарны ашты. Студенттің қарны әрдайым аш емес пе?

Кезек дегенді жаны жек көреді. Бір жерге барса, ләжі болса, кезек аз болатын уақытты таңдауға тырысады. Кезек көрсе, адамдарда әлі күнге дейін кеңестік сананың өшпегенін байқайды. Бұл оның көңілін түсіреді.

Бұдан кейін ешбір кітапханаға оқырман ретінде бармады, табалдырығын тек шақырылған қонақ ретінде аттайтын болды. «Ішкен асыңа төлеу керек» демекші, кітапханада кезекте өткен және ештеңе өнбеген күннің арқасында кітапты тегін оқу әдетінен біржола арылды. Содан бері керек кітапты тек сатып алып оқиды. Әрине, басқа күндері кітапханада адам көп болмайтын да шығар, бірақ сол күні ине шаншым жердің болмағаны өзі үшін жақсы сабақ болды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: