| 12/05/2026, 09:10 | |
КІТАП ТАҢДАП ҮЙРЕНУ Заманының көрнекті оқырманы Ғылымның үстемдігін дәріптеген Бокльді, әйел құқықтарын алға тартқан, феминистік көзқараста болған Милльді, эволюция теориясын дамытқан Дрейперді оқудан безетін, «дәстүріміз бен дініміз барда оларды оқып қайтеміз» дейтін небір «данышпандарды» қазірдің өзінде кездестіруге болады. Осылардың еңбектерін оқымағанда, Абай халқы мен адамзатқа қалдырған мол мұрасын берер ме еді? Үшіншіден, Абай көзі тірі замандастарының ең озықтарын оқыды, уақыт талабынан қалғысы келмеді. Сонымен заманының заңғар қаламгері ғана емес, көрнекті оқырманы да болған Абай атамыздан бүгінгі кітапсүйер қауым қандай үлгі алуы керек? Заманыңның озық ойлы ойшылдарын, ғалымдарын оқу керек. Өз басы осындай авторлардың қатарына Николас Талеб, Ювал Харари және басқаларын жатқызар еді. Тек көркем әдебиетті ғана оқи бермей, философия, социология, басқа да гуманитарлық ғылымдар шеңберіндегі әдебиетпен де таныс болуы қажет. «Восточное обозрение» газетінде жарық көрген мақаладан Семей кітапханасының сол кездегі қорында көркем шығармалардың мол болғанын білеміз. Бірақ Абай, қазіргі тілмен айтқанда, нон-фикшн жанрына да ерекше зейін қойды. Дәстүр мен дін тақырыбының айналасында жүре бермей, заманауи мәселелерге де назар аудару керек. Абай заманының әйел құқықтары, эволюция теориясы сияқты өзекті тақырыптары бойынша ізденгенін Кеннанның үзіндісінен көріп отырмыз. Біздің заманның көкейкесті мәселелері – экология, қоршаған ортаны қорғау, орнықты даму тақырыбы, адами капитал, адам құқытары, төртінші өнеркәсіптік революцияға дайындық және т.б. Ұлы Абай замандасымыз болғанда, осы тақырыптардың барлығын жетік меңгеріп, олардың шешімін табуға белсенді араласатынына сенімді. Ал біз осы тақырыптар бойынша қаншалықты оқып, ізденіп жүрміз? Міне, мәселе қайда жатыр. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 2 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
