| 05/05/2026, 09:01 | |
КІТАП ТАҢДАП ҮЙРЕНУ Заманының көрнекті оқырманы Ибрагим Конобай деген есімді кездестіргенде аузы ашылды да қалды. «Қырғыздың бір шалы» деп отырғаны ибраһим Құнанбай, яғни біздің ұлы Абай атамыз ғой! «Тоқтамаңдар, әрі қарай жалғастыра беріңдер!» деп іштей тілеп отырса да, үлкен өкінішіне қарай, осыны айтып болған соң, Леонтьевтің үйінде жиналған қауым басқа тақырыптарды талқылауға көшіп кетеді. Өзі сол бөлмеде жиналған адамдардың арасында тыңдап оытрғандай сезімде болды. Семейге айдалып келген орыс революционерлерімен Абай жақын араласқан. Леонтьев сияқты революционерлер жайында ұлы ақын: «Бұлар халық қамын ойлайтын, әділдікті көксейтін, көптің теңдігін қорғайтын оқымысты, білімді жандар екен. Бұлар менің шығысымды батыс етті», деп айтып отырады екен. Мұны Абайдың тәрбиесінде болған немересі Әрхам Кәкітайұлы Ысқақовтың естеліктерінен білеміз. Америкалық жазған екі томдық қалың еңбекте Абайдың есімі тек бір жерде ғана аталады, бірақ соның өзінде оның аңғарғыш ақылы мен білімге құштарлығының қандай болғанын біле аламыз. Ұлы ақынмен кезедсу сәті түспей, америкалық алдағы күндері сапарын әрі қарай жалғастырды. Кітапты түнде жатар алдында оқып отырған еді. Ұйқысы лезде ашылды да, ноутбугін қосып, желіден қосымша ақпарат іздей бастады. Ресей империясында шыққан «Восточное обозрение» газетін тауып алды. Оның 1886 жылы 26 маусымда жарық көрген санында Семей кітапханасына арналған мақала жарияланыпты. Кеннанның келгенін, кейбір заттарды суретке түсіріп алғанын атап өтіпті. Бұл ақпарат әрі қарай ізденуге дайын зерттеушілер үшін маңызды болып қалар деп айтып отыр. Сонымен қатар кітапхана ашылған 1883 жылдың 18 қыркүйегінен 1886 жылдың 1 қаңтарына дейін болған оқиғалар баяндалыпты. Осы аралықта оның жазылушысы 270 адамға жеткені айтылған: соның ішінде 88 жазылушысы – шенеунік, 63-і – мещан, 44-і – офицер, 35-і – дворян, 16-сы – көпес, 15-і – төменгі шенді, 4-еуі – қырғыз, 3-еуі – казак, 2-еуі – шаруа. Төрт қазақтың біреуі Абай екені анық, қалған үш қаноасымыз кім болды екен? Тарихшылар уақыты келгенде мұның да жауабын анықтайды деп сенейік. Семейдегі кітапхана қазір де еліміздің ең көне кітапханаларының бірі. Бір ғасырдан көбірек уақыт өтсе де, Абай оқыған кейбір кітаптарды бүгін де алуға болады дейді. Кім біледі, бір күні сәті түсіп, сол кітапханаға соқсақ, Абай атамыз оқыған кітаптардан бөлек Кеннан он алыт беті қиылған кітапты да тауып алудың сәті түсіп қалар. Америкалық автордың кітабындағы үзінді несімен маңызды? Біріншіден, Абайдың қырық жасқа таяп қалса да, балаша таңғалуды ұмытпағанын, іштегі ғылыми ізденіс отының сөнбегенін аңғарамыз. Біреумен енді танысқанда адам әрі барса жөн сұрасады, бірақ өзгемен таныстығын дедукция мен индукцияның айырмашылығын сұраудан тек нағыз ғұлама бастайтын болар. Екіншіден, заманы мен айналасы берген бар мүмкіндікті пайдаланып, бойына бүкіл әлемді сыйдыра білгенін көреміз. Қазақ халқы бұдан ұтпаса, ұтылмағаны анық. Ойында бірден: «Абай не үшін Спенсер мен басқа озық ойлы замандастарын оқыды екен?» деген сұрақ туындады. Бұл ойшылдардың еңбектеріне екінің бірінің тісі бата бермейді. Қазірдің өзінде бұларды оқып шықсаң да, оқығаныңды бірлесіп талқылай алатын адам табу оңай емес. Мойындаймыз, философия факультеттерін аралап шықсаң, Спенсердің дүниетанымы жайында әңгіме өрбіте алатын бір-екі оқытушыны кездестіресің. Ал Абайдың заманында ұлан-ғайыр жерімізді он кесіп өтсең де, Спенсерді білетін бір қазақты кездестіру мүмкін бе? Абай осыны білсе де, өзін жалғыздыққа душар етіп оқыды. Мұндай қадамға тек ұлы адам ғана барады. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
