Кітаптың құдірет-қадірі
21/04/2026, 09:04

ОҚЫРМАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

АҚШ президентінің жылдам оқу туралы бес кеңесі

Өзінің ойлап тапқан жылдам оқу әдісінің арқасында президент өмірінде он мыңдаған кітап оқыған деседі. Соларға нақтырақ тоқталсақ:

1. Мәтінді оқығанда, оны іштей оқуды ұмыту керек. Бұл әдет бізде жас кезімізде, енді оқып үйреніп жатқанда және әрбір сөзді дауыстап оқығанда қалыптасады екен. Кейбір адамдар оқығанда балалық шағындағыдай ернімен жыбырлауды да қалдырмайды. Көп оқырманның оқып жатқан мәтінді іштей қайталау әдеті ешқайда жоғалмайды. Сөздерді ойда айтуды субвокализация дейді және ол оқу барысын қатты тежеуі мүмкін. Оның жылдамдығы, әдетте, кәдімгі сөйлегендегіміздің жылдамдығымен бірдей. Әрбір сөзді ойда оқудан арылуға болады, ол үшін сөзді дыбыстық танудан оның визуалды бейнесін тануға ауысу керек. Егер де болмай жатса, онда кітап оқып жатқан сәтте ойда санап немесе «а-е-и-о-у» дауысты дыбыстардың ретін іштей айта бастаған дұрыс. Осының арқасында мәтінді ауызбен емес, көзбен оқып үйренесіз және оқу жылдамдығынңыз артады.

2. оқып кеткен жерге оралмау. Көп адам оқып кеткен жолды немесе сөздерді қайталап оқиды. Көп жағдайда олар мұны бейсаналы түрде жасайды. Бұл әдеттен сұқ саусақтың көмегімен арылуға болады: сұқ саусақпен оны алмай, жол бойымен жүргізіп отыру керек. Сонда көз саусақтың ізімен қозғалып, оқылған сөйлемдерге қайтып оралмайды. Саусақпен сіз оқығаннан гөрі жылдамырақ жүргізген абзал.

3. Оқу барысында бір сөзден екіншіге көшпей, көзбен бір топ сөзді қамтып оқу керек. Бұл дағдыны перифериялық көруді жаттықтыру арқылы қалыптастыруға болады. Ол үшін екі параллель сызықпен парақ үш бөлікке бөлінеді, сызықтар арасындағы қашықтық шамамен жеті антиметр болуы керек. Оқыған кезде сызықтар арасындағы сөздерге ғана қарап, перифериялық көрумен олардың сыртындағы мәтінді қамтуға тырысу керек.

4. Диагональмен оқу. Бұл әдістің мәні мынада: бірінші жол толығымен әдеттегідей оқылады, екінші жолды оқығанда, көзбен бірінші жолдың соңынан үшінші жолдың басына жылжу керек. Бірте-бірте диагональ нүктелері арасындағы интервал өсе береді, мәселен, бес жолға дейін жетуі мүмкін.

5. Қарап шығу немесе үстірт оқу. Кез келген мәтінде оның мағынасын ашатын негізгі сөздер бар. бас назарды соларға аударып, қалғанын көз жүгіртіп қарай салуға болады. Салмақты ой, тұшымды пікірге кідіріп, қызметтік сөздер мен канцеляризмдерді өткізе салса артық етпейді. Мазмұнынмен алдын ала танысып алу кітапта не туралы айтылатынын анықтап, мәтінді жақсырақ қабылдауға мүмкіндік береді.

Кітапты жылдам оқу уақыт үнемдеумен байланысты болса, онда оның ең тиімді тәсілі – кітаптың мазмұнымен танысып, түкке жарамайтынына көзің жетсе, оны оқудан бас тарту. (Қажет болса ғана, әрине).

 

Бір кем дүние...

Бала кезде қайсыбір үйлерде «общество книголюбов» деген жазуы бар кеңес заманында басылған төсбелгілер (значоктар) жатушы еді. Қазір жәдігер болып көрінеді. Тәуелсіз заманымызда сондай бір төсбелгі баспағанымыз алаңдатады. Қазір сондай қауымдастықтар бар ма екен?..

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: