| 14/04/2026, 22:53 | |
ОҚЫРМАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ АҚШ президентінің жылдам оқу туралы бес кеңесі Одан жылдан оқудың құпиясын жиі сұрайды. Шынын айтса, ол туралы ешқашан ойланбапты. Бастауыш сыныптарда мәтінді уақытқа оқытатын. Оның көрсеткіші әрдайым алда болатын және бір минутта ең көп оқығаны 320 сөз болды. Адам минутына, оташа есептегенде, 120-180 сөз оқиды. Жылдам оқудың әдістерін меңгерген оқырман жылдамдығын үш-төрт есе арттырып, минутына 600 сөзді емін-еркін оқи алады екен. Біреулер бұл көрсеткішті мың сөзге дейін жеткізе алады, бірақ бұл жағдайда оқыған мәтін дұрыс қабылданбайды деп айтуға негіз бар, яғни ондай адам кітапты оқымай, тек қарап шығады десе болады. Көптеген танымал тұлғалар жылдам оқудың техникасын қалыптастыруға талпынған. Мәселен, француз жазушысы Оноре де Бальзак өзінің әдісі туралы былай депті: «Бір қарағанда, көзіммен 7-8 жолды іліп алып, оның мағынасын санам көз жылдамдығына пара-пар жылдамдықпен қабылдайтын. Жалғыз бір сөздің арқасында бүкіл сөйлемнің мағынасын жиі ұғып алатынмын». Бальзак жарты сағатта қалыңдығы орташа романды еркін сіміріп алатын болған деген пікір бар. Наполеон Бонапарт минутына 2000 сөз оқыды деген де аңыз бар. Кітапты сан үшін оқуды дұрыс деп санамайды, ұнайтын кітапты оқып, оқығанды тоқып, пайдасын іс жүзінде тексерген дұрыс деп ойлайды. Десе де, жылдам оқудың құпиясына қатысты сұрақтың орынды екенін мойындайды. Өзі жылдам оқуды мақсат тұтпаса да, бір жерде АҚШ-тың ең жас президенттерінің бірі Теодор Рузвельттің осы бойынша кеңестерін оқыған еді. Кей кездері оны қолданатыны бар, мойындау керек, көмектеседі. Теодор Рузвельттің қандай президент болғанын Интернеттен тауып оқып аларсыздар, осы жерде алдымен оның қандай оқырман болғанына тоқталайық. Сақталған деректер мен естеліктерге сүйенсек, жұмысы көп болғанына қарамастан, ол таңғы асқа дейін бір кітап, кеште тағы бір-екі кітап оқып үлгеретін болған екен. Шет тіліндегі әдебиетті де осылай жылдам оқыпты. Бір минутта екі-үш бет оқып, оқығанын есте жақсы сақтай біліпті. Оның: «Меніңше, кітап оқу – нағыз дерт» деген сөзі де бар. бірде саясаткердің досы, жазушы Оуэн Уистер ақ үйдегі ресми кешкі астың дәл алдында оған кітап береді. Уистер қонақтарға арналған жекежайда түнеп, ертесіне таңғы асқа келсе, президент кешегі кітапты жазушымен талқылай бастайды. «Кешкі алтыдан таңғы сегіз жарымға дейін, ресми кешкі ас, қонақтармен әңгімелесу мен ұйқы арасында қалыңдығы 300 беттен асатын кітапты оқып үлгеріпті және мазмұны қамтыған маңызды жерлерінің ешқайсысын қалдырмапты», - деп жазады Уистер. Теодор Рузвельттің қызығушылықтары барлық саланы қамтыған, сондықтан болар ол тек бір жанрда жазылған кітаптармен шектелмепті. Оның биографы Эдмунд моррис президент Фукидидтің тарихынан бастап, «Римус ағайдың ертегілеріне» дейін барлық кітапты оқи бергенін жазады. Жазушы Дэвид Маккалоу былай дейді: «Бірде Дакота аумағында қатты қыс болды, Теодор Рузвельт қолдан жасалған қайық үстінде Кіші Миссури өзенімен оның қымбат қайығын ұрлап кеткен қарақшыларды қуалап түсіп келе жатты. Бірнеше күн өткен соң, оларды қуып жетіп, сенімді винчестерінің арқасында басымдыққа ие болып, қарақшыларды тұтқынға алады. Рузвельт жалға алынған жабық арбаға тұтқындарын отырғызып, оларды сотқа жеткізу үшін жолға шығады. Олар қар басқан Бедлендс шөлі арқылы Дикинсондағы рельс бастауына дейін жүреді. Рузвельт 40 миль (64,37 шақырым) жолды толығымен жаяу жүріп өтеді. Бұл таңғажайып ерлік еді, Рузвельттің оқиғаға толы өміріндегі шешуші сәт деп айтуға болады. Бірақ, ең маңыздысы, оның сол жолда «Анна Каренинаны» толық оқып шыққаны. Адамдар кітап оқуға уақыты жоқ екенін айтқанда, мен әрдайым осы туралы ойлаймын». (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 11 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
