Кітаптың құдірет-қадірі
07/04/2026, 21:47

ОҚЫРМАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Алша апайдың әлегі немесе Нобель сыйлығының лауреаттары қазақ әдебиеті жайында

Тығырықтан жол табу мақсатында анықтамалықтарды ақтарып, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары тізімін тауып алды. Сөйтіп, көп ұзамай шетелдік ақын-жазушыларды да қазақ әдебиеті туралы сөйлеткізді. Хосе Эчегарай-и-Эйсагире, Джозуэ Кардуччи, Грация Деледда, Уильям Фолкнер, Иосиф Бродский және тағы басқалары ол қрастырған эпиграфтардың авторы атану үшін үлкен кезекке тұра бастады. Әлі күнге дейін аттары есінде қалыпты. Сол кездегі Нобель сыйлығы лауреаттарының тізімінде жүзге жуық есім бар болған. Бір күні оларды да түгендеп бітірді.

Енді не істеу керек? Әлгі анықтамалықта басқа салалар бойынша лауреаттардың тізімдері де бар еді. Келесі кезекте қазақ әдебиеті жайлы бейбітшілік саласына тағайындалатын Нобель сыйлығының лауреаттары сөйлей бастады. Михаил Горбачев, Ригоберта Менчу, Аун Сан Су Чжи, Оскар Ариас Санчес, құқық қорғаушылар, саясаткерлер, бітімгерлер қазақ әдебиеті жөнінде пайымдамалар айта бастады. Ең қызығы, эпиграфтардың астында ашық түрде «Аун Сан Су Чжи, мьянмалық құқық қорғаушы», «Джордж Маршалл, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы» деп белгілейтін болды. Осы сынды эпиграфтарды көргенде, керісінше оқытушының мақтаулары қарша жауатын («Жарайсың, міне, осылай іздену керек!»), кейбір сыныптастары оның арқасында тіпті бір шығарма үшін бірнеше «бес» деген баға алатын. Маразм күшейе түсті, соған қарамастан мақтаулар да көбейе берді.

Эпиграфтардың конвейерлік өндірісі оның басқа мектепке ауысуымен тоқтады.

Физикадан, химиядан, медицинадан Нобель сыйлығының лауреаттары атанғандар қазақ әдебиетін талқылауға сол қалпы араласа алмай қалды. Өкінішті, әрине. Олардан кейін «Оскар» сыйлығын жеңіп алған актерлер де кезекте тұр еді.

Осы әңгіменің тобықтай т үйініне келер болса, басшшылықтың шешімдері тек нәтижеге бағытталмай, «здравый смыслды» да ескеруі керек. Әйтпесе бұл шешімнің күннен күнге қадірі қалмай, адамдардың депрессивті күй кешуі әбден ықтимал.

Айтқандай, әйгілі шотланд жазушысы Вальтер Скотт та эпиграфтарды ойдан шығарып, олардың астына танымал адамдардың есімдерін жазып, романдарында кеңінен қолданыпты.

Қазіргі жазушылардың ішінде осы әдісті Орхан Памуктің туындыларында кездестірді. Кім біледі, өмірі басқа жолмен кеткенде одан да әлемге танымал жазушы да шығып қалар ма еді?

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: