| 31/03/2026, 09:09 | |
ОҚЫРМАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Алша апайдың әлегі немесе Нобель сыйлығының лауреаттары қазақ әдебиеті жайында Мектепте оқып жүрген кезіндегі бір оқиға есіне түсіп отыр. Қазақ мектептерінде қазақ әдебиеті сабағында өте көп шығарма жаздырады. Бұл құр сөз емес, өз басы үш мектеп ауыстырған болса, соның бәрінде осы жайтқа тап болды. Кей жерде көп, кей жерде аз жазды, әйтеуір өте көп жазды. Ол оқыған мектептің бірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі алша апай шығармаға деген айрықша махаббатымен ерекшеленді. Олар стахановшылардың қарқынымен жұмыс істеп, аптасына екі-үш шығарма жазатын. Әр жолы он екі парақты дәптер алып келіп, оның кемінде он бетіне шығарма жазатын болса ғана жақсы бағаға үміткер бола алатын. Тақырып абстрактілі немесе «Мен жазғы демалысымдықалай өткіздім?» деген сарында болған жоқ. Негізінен, олар махаббат эпостары («Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Еңлік – Кебек» т.б.), батырлар жыры мен қазақ жазушыларының шығармалары («Бақытсыз Жамал», «Қалың мал», т.б.) бойынша кандидаттық диссертация іспеттес еңбектер жазумен әлек болды. Бірақ оқытушыға шығарманың өзінен гөрі басындағы эпиграфтар көбірек ұнайтын. Эпиграф ретінде біреудің ұлық сөздері, зерттеушілердің пайымдаулары, басқа жазушылардың пікірлері жарай беретін. Сыныпта 25 адам оқыды. Айталық, «Қозы көрпеш – Баян сұлу» тақырыбына жазса, махаббат эпосы жайлы 25 түрлі эпиграф табулары керек еді! Бастапқыда бірдеңе етіп ебін табатын. Сыныптың игі жақсылары кітапханадан шықпай, ынтамен белгілі бір әдебиетке қатысты бетке ұстар авторлардың ойлары мен пікірлерін іздестіріпо тыратын. Ол кезде оларда Интернет деген атымен болмады. Әлемнің озық елдерінде болған нәрсенің оларға әлі аяғы жетпеген заман еді. Ақыр соңында кітапхананың оларды эпиграфтармен қамти алмайтынын түсінді. Не істеу керек? Шешімі бар ма? Сол кезде «Бұл эпиграфтарды неге өзім жазбасқа?» деген ой келді. Амал жоқ, өзін Спандияр Көбеев, Сұтанмахмұт Торайғыров, Ілияс Есенберлин, Мұқағали Мақатаев, Сәбит Дөнентаевтардай елестетіп, солардың атынан махаббат тақырыбына, батырлар жырына, өмір туралы романдарға ой-пікір жазып, эпиграф ретінде қолдана бастады. Бір күні сыныптастары біліп қойып, оған кезекке тұратын болды. Сол кезден бастап шырын, чебурек, алма-алмұрттармен есеп айырысатын болды.оқытушы эпиграфтарды оқығанда қатты қуанды. Оларды шығарма үшін емес, «ізденіп» тапқан эпиграфтары үшін көбірек мақтайтын. кейбір жазған эпиграфтарды қайта оқығанда: "Тіпт«, астында аты-жөні көрсетілген ақын, жазушылардың өздері де менен артық жаза алмас» деген ойлар да келетін. Біраз уақыт өткен соң тағы бір мәселеге тап келді. Қазақ жазушылары мен ақындарының, академиктерінің, әдебиеттанушыларының орнына өзін қойып, есімі белгілі, белгілі еместерінің барлығының аттарын тізіп шығыпты. Енді не істейді№ эпиграфтарды шексіз ойлап құрастыра беруге болады, ал олардың авторларының есімдерін қайтеді? Біршама уақыт бойы эпиграфқа тапсырыс беруші оқушылардың әкелерінің есімдерін қлданды. Мәселен, Пернебек Зұлымбекұлы. Бірақ, мұнымен де мәселенің шешілмейтіні түсінікті. Тығырықтан жол табу мақсатында анықтамалықтарды ақтарып, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары тізімін тауып алды. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
