Кітаптың құдірет-қадірі
16/03/2026, 17:41

ОҚЫРМАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Кітап оқуды атасынан үйренді

Атасы туралы зор қуанышпен айтқысы келіп оыр. Ардақты атасы кітапты өте көп оқитын кісі. Қазір зейнетте, жасы тоқсаннан асқан үлкен ақсақал. Мектепте әдебиетіміздің халықтың арқасында ауыздан ауызға таралғанын айтушы еді. Атасы әулеттерінде – осы үрдісті жалғастырған соңғы буын. Ұрпақтары қағаз бен электронды құрылғыларға әбден сеніп алған. Оның дәлелі – кеше жаттаған өлең бүгін жадыларында қалмайды. Бойларына бабаларымыздың осы қабілеті дарымаған.

Өмір бойы қызмет еткен саласының әдебиетке мүлдем қатысы болмаса да, атасы қазақтың аңыздарын, мақал-мәтелдерін, эпос-жырларын жатқа біліп, оған айтып отырады. Сонда: «Қайдан жатқа білесіз?» - деп сұраса: «Бала кезімде шалдар айтатын, содан қағып алып есте сақтап алғанмын», - деп таңғалдырады.

Не деген жад десеңізші!

Қазіргі тұратын үйлерінің астыңғы қабатында кітапхана орналасқан. Қорында қанша кітап болса, атасы соның барлығын оқып шықты. Оқымаған кітабы қалмады десе де болады. Тіпті, кітапхана қызметкерлері келесіде атасын немен қуантарын білмей, орталықтағы үлкен кітапханалардан кітап алдыруға дейін барып жүр. Атасының осы қасиеті оған да дарыған болса керек.

Зейнетке шыққаннан кейін ол кісі шежіре жазғысы келді. Қазақтың тарихын, шежіресін жатқа біледі және оны терең зерттеген. Осыған қатысты біршама еңбек жинаған болатын. Өкінішке орай, 1990 жылдардың ортасында бір ақсақал жазылған кітаптың қолжазбасын қарап шығуға алып кетіп, көп ұзамай өмірден озады. Кейін атасы оның ұрпақтарынан қалжазбасын сұрағанда, олар таба алмады. Сөйтіп, бірнеше жылдық ізденістің нәтижесінде жазылған еңбегі жарық көрмей қалды.

Бұл кезде әжесі ауырып, атасының мүмкіндігі болмағандықтан, кітап шығарамын деген арманы да жүзеге аспады. Бүгінде атасының осы раманын орындау үшін қолынан келгенше тырысып бағуда. Бір журналист қыз атасына келіп сұхбаттасып, ойындағыларын жазып алып жүр. Құдай қаласа, нәтижесінде кітап болып шығатынына сенеді. Бұны өзінің атасының алдындағы немерелік парызы деп біледі. Оның бар білгендерін қағаз бетіне түсіріп, ұрпақтарына мұра етіп қалдырғысы келеді. Осы күнге жету бұйырсын!

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: