| 05/03/2026, 21:28 | |
ОҚЫРМАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Құрсақтағы оқырман Одан: «Балаға неше жастан кітап оқуды үйрету керек?» - деп жиі сұрайды. «Құрсақта жатқан кезден бастап, әйтпесе кеш болады», - деп жауап береді. «Ол қалай?» - деп таңғалады. Бала құрсақта жатқан шақтан бастап оған ертегі оқу ісін қолға алу керек. Ол алдымен анасының, сосын әкесінің де дауысын танып үйренеді. Ол қыздарына құрсақта болғанда-ақ қазақтың халық әндерін, Абайдың әндерін орындап, ертегілер айтып беруші еді. Бұл жұмысты олар дүние есігін ашқан соң да жалғастыру керек. Баланы әріп танымайды, сол үшін кітап оқи алмайды деуге болмайды. Баланың ертегі тыңдағаны – оның кітап оқығаны. Бұл – ең алғашқы шарт. Сонымен қатар өзің де қолыңнан кітап түспейтін ата-ана болуың керек. Кітап оқығанда қиялыңда әлемдерді қалай елестетсең, бала да ертегі тыңдағанда қиял әлеміне тура солай сапарлайды. Әке болған соң ғана оның мықты оқырман ретінде қалыптасуына жол салып берген Күләш әжесі екенін түсінді. Ол кісі күнде жатар алдында ертегілер айтып беретін. «Әже, тағы ертегі айтыңызшы», - деп қайта-қайта сұраса да, «Болды, жетеді, жата ғой», - деп бетін қайтармаушы еді. Екеуі бірге төсекте жатқанда, әжесінің қиялынан туындаған ертегілерді мұқият тыңдап, неше түрлі әлемдер мен кейіпкерлерді басында елестетіп, тәтті ұйқыға кететін. Әжесі ерте қайтты, бірақ көп жылғы естелік қалдырып кетті. Ардақты әжесіне деген айтар рахметі шексіз ғой, шексіз! баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 6 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
