| 24/02/2026, 17:48 | |
ОҚЫРМАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Кітап оқимын деген адамға жол ашық 2000-жылдардың басында ол алып оқитын кітаптардың бағасы орташа есеппен 400 бен 600 теңге арасында болатын. Бала кезінде үйге келген туыстары бес-он теңге ұстатып кететін, ал ол оған қосымша шөлмек тапсырып ақша жинап, кітап алып оқитытн. Кітапты қалай таңдап алуды білмегендіктен, «сырты бүтін, іші түтіндеріне» жиі ұрынып қалатын еді. Алған кезде бірінші кітаптың мұқабасына қарайсың ғой. Кейбіреулерінің сырты шынымен әдемі, аннотациясы жақсы болғанымен, оқып шыққан кезде көңілің толмай қалатын кездер болады. Сондай сәттерде ішің ашитын. Себебі, сол кітапты алу үшін үш-төрт ай ақша жинап, шөлмек жуып тапсырдың ғой. Бұл мәселенің де шешімін тапты. «Алматы-1» вокзалының маңында, жазушы Шолохов атындағы көшенің бойында базар бар. соның кіреберісінде кітап сататын дүңгіршек тұр еді. Соған барып, сатушы тәтеден кітаптарын сатып беруді сұрады. Ол кісі ол бала болған соң бетін қайтармай, бір рет оқылса да, жаңа кітаптың құнымен сатып беретін. Көптеп іздеп жүрген кітаптарын сатылымда пайда болып жатса, алып қойып, телефон арқылы хабарлап ескертетін. Кітап сатушы тәте де оған жылы көзқараспен қарайтын болды. Қаскелеңнің орталық кітапханасының кітап қоры оған қатты ұнайтын. Сол жердің тұрақты оқырманы ретінде жиі барушы еді. Кітапхананың жабық қоры болатын. Ол жерге кез келген адам кіргізілмейтін, кітапханашылардың өздері әдебиеттерді арнайы сұраныс бойынша әкеліп беретін. Бір жылдай уақыт өткен соң, олардың сеніміне әбден кіріп алды. Тіпті, сол жылдары ол олардың ең тұрақты оқырманы болған сияқты. Оған жабық қорға кіруге рұқсат етті. Ол жердегі дүниелер өзгеше еді. Бұл жер – оқырманның нағыз жұмағы. Оқимын деген адамның алдындағы есіктер әркез ашық екені анық. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
