Кітаптың құдірет-қадірі
03/02/2026, 08:54

ОҚЫРМАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Суға кеткен тал қармайды

Мектепте оқу үлгерімің үздік болса, сыныптастарыңның есеп шығарып беруді сұрап мазаңды қашыратыны бар. оқушы болсаң да бос уақытың бола бермейді. Есесіне, алдымен өзіңнің жағдайыңды ойлайсың, бақылау жұмыстарында төмен баға алғың келмейді. Оларға «жоқ» десең, ренжитіні бар. қай жаста болмасын адам ренжігіш келеді ғой... Ол бұл мәселенің шешімін тауып, бартер негізінде жәрдемдесті.

Бастауыш сыныптарда есебін шешіп беруді сұрап келгендер оның «оққағары» болуға көнсе («Ер шекіспей бекіспейді» деген бар, бала болған соң төбелесіп қаласың, бірақ оның барлығына уақыт пен денсаулық керек), жоғары сыныптарда оқығанында: «Есеп шығарып бергенім үшін кітап әкеліп беріп отырыңдар», - дейтін болды. Сөйтіп бірнеше мәрте айтқан кітаптарды әкеліп бергендері бар. олардың кітаптарды мектеп кітапханасынан ұрлағандарын кейін білді. «Суға кеткен тал қармайды» дейді ғой, бақылау жұмысынан төмен баға алып қалмау үшін ұрлыққа баратынын білгенінде, кітап емес, түскі асын алып беріңдер деп сұрайтын ғой. Кітаптардың ұрланған екенін білген бойы кітапханашы апайға қайтып апарып берді. Бұл да бір қызық, есте қалатын оқиға.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: