Кітаптың құдірет-қадірі
27/01/2026, 09:58

ОҚЫРМАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Бұрын сүйікті шығармаңды іздеп табу нағыз квест еді

 Бір күні Райхан тәтесі «Орбита» ықшам ауданындағы ескі кітаптар сататын жерден Марк Твеннің «Том Сойер мен Гекльберри Финнің басынан кешкендері» туындысын 120 теңгеге сатып алып берді. Саудаласып көріп едім, қырықтар шамасындағы сатушы еркек кісі көнбеді. 2000-жылдардың басында бұл аз ақша емес еді. Оқушының қоғамдық көліктерде айлық жүру билеті, мәселен, 50 теңге ғана тұратын. Ал енді бүгінгі бағаммен салыстырып санай беріңіз. Ол Твеннің осы екі туындысын ьірнеше қайтара оқыды.

Артур Конан Дойлдың Шерлок Холмс туралы хикаяларын түгел оқып шықты. Бірақ сол кезде үлкен қиыншылық болды. Интернет жоқ, керек нәрсені қас қағым сәтте іздеп таба алмайсың. Әдебиеттегі ең әйгілі детектив жайындағы шығармалар елу алты әңгіме мен төрт повестен тұрады. Олар өз кезегінде бірнеше кітапқа бөлінген. Ол олардың барлығын түрлі кітапханалардан іздеді. Ақырында төрт повестің бәрін тауып оқыды, тек екі-үш әңгімесін ғана таба алмады. Бірнеше жылға созылған ізденіс нәтижесінде соңғы повесін Қаскелең қаласының орталық кітапханасынан тапты. Иә, ол кезде сүйікті шығармаларыңды тауып оқу нағыз квест еді!

Қазір Шерлок Холмс туралы хикаялардың толық жинағы өлек кітап болып шыққан. Үйіндегі кітап сөресінде тұр.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 3 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: