Кітап үзіндісі
02/12/2024, 10:14

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Жаныңыз жаурамасын. Тәннің жаурағаны дәнеңе етпес.

Ғазиза Құдайбергенқызы «Кітапханашы күнделігі»

 

Бақытты боламын деуге көп себеп бар. Бірақ... біз оған лайық болуымыз керек. Ыңғайлы өмір сүрген адамдар бақытты уысына түсіре алмайды. Бақытқа лайық болу – сол үшін еңбектену, жақсылық жасау, бірақ алаяқтық жасап, жалқау болу емес. Жалқаулық сырттай ғана жақсы болып көрінеді. Басты рақатты еңбек береді.

Анна Франк «Пана: Хат түріндегі күнделік»

 

Ұждансыз адамның бір қасиеті бар, ол – өзгенің қатесін көргіш келеді.

Ілияс Есенберлин «Махаббат мейрамы»

 

Біздер бір-біріміздің өмірімізге соншалықты немқұрайлы қарайтындықтан бақытсызбыз, –  деді ол зілді үнмен.

– Керісінше, біздер бір-біріміздің өмірімізге жиі араласатын себепті көп-көп қателікке жол беріп жатамыз.

Аягүл Мантай «Уақыттың көз жасы»

 

Жақсылық жасау деген сыйлық беру емес. Жақсылық жасау – тыныш жүру. Қиянат жасамау. Алдамау. Бөлісетін көңіл, жақсы сөз ғана. Ауыз бекіткенде тамақтан ғана тиылма. Ой, тіл, құлақ оразасын ұста.

Ғазиза Құдайбергенқызы «Кітапханашы күнделігі»

 

Өміріңді жақсы жаққа қарай өзгертудің бастауы өзіңмен шыншыл болу. Сені мазалайтын дүниелердің бар екендігін мойындау, проблема бар екеніне тура қарау, ашылу. Қымбат жандарға қатысты жағдайлар болса, ашусыз, сабырмен сөйлесу, мазалайтын мәселелерді айқын, бүкпесіз айту қажет-ақ. Бір-біріміздің алдымызда сүйкім сақтау маңызды емес, жақсы көретін адамдарыңды жек көретін адамыңа айналдырмау маңызды.

Динара Болат «Соңына дейін әйел»

 

Қабырғаларға жабысып кітап сөрелері орналасқан екен. Джо әрең дегенде кітапханаға жетіп, қуаныштан билей жөнелді.

– Неткен байлық! – жан жағына тамсана қарап, Джо айғай салды. Сосын ол жалғастырды: – Теодолюр Лоренс, сіз, бұл әлемдегі ең бақытты жан шығарсыз!

– Адам баласы тек кітаптармен өмір сүре алмайды, – деп жауап беріп қана үлгерді Лоренс.

Луиза Мэй Олкотт «Кішкентай әйелдер»

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 12 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: