26/11/2024, 10:17 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Әмірі жүріп, құдіреті үстем болып тұрғанда, пенде шіркін, Құдайды ұмытады. Өзін өлмейтіндей санайды. Міне, бұл надандықтың шыңы. Ал надандық билеген заман – соры қалың заман. Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе»
– Сен біреудің екінші әйелі болар ма едің? – Сен бұл сұрақты бұрын да қойғансың? Жоқ. Мен тұрмысқа шықсам, күйеуімді ешкіммен бөлісе алмаймын, – деп күлді Тоғжан. – Жағдайымды жасаса да, біреудің тоқалы болып, табанында таптала алмаймын. Қызғаныштан күйеуімді не әйелін өлтіріп тастауым мүмкін. – Жүзің мейірімді. Бірақ көкірегің ішіңе түсіп кеткен эгоиссің, – дедім. – Сенің бетің бедірейіп тұрады. Барлық мінезің бетіңе шығып тұрады. Бірақ көкірегің ішіңе түспеген. Сен екінші, тіпті, үшінші әйел де бола аласың, – деді ол. Аягүл Мантай «Уақыттың көз жасы»
Жігітке батырлық жеңген жауының күшіне қарап беріледі. Адамның беделі еңсерген қиындығы мен арқалаған жауапкершілігіне қарай артады. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретін пысықтарға құрмет көрсетілмейді. Санжар Керімбай, Айбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан»
Сылтау іздеме. Бір орында тұрма. Қиялыңды шектеме. Ұш. Төмен түс. Құла. Қайта тұр. Сенің мақсатқа жетуіңе болмайтын, уақытын қалай өткізетінін білмей жүрген адамдардың ойы әсер етпеуге тиіс. Әсер еткізбе. Өзіңді жақсы көр. Бірақ ол айналаңа зиянын тигізбесін. Жүрегіңді тазалап тұр. Ғазиза Құдайбергенқызы «Кітапханашы күнделігі»
Жаза білген, ойды, сезімді қағазға түсіре білген кандай жақсы! Жай ғана темірден ғажайып мүсін жасайтын ұста секілді, көбімізге үйреншікті, елеусіз оқиғаны қандай әдемі әрлеп, тереңдетіп әкетеді. Тіпті басқа қырынан көрсетеді-ау. Ойды, сезімді оятушылар дер едім оларды. Ондай жазу маған қайда?.. Орынша Қарабалина «Ұстаз бақыты»
Өзі дүниеге келгенше адамдар түк білмейді, ешнәрседен бейхабар. Ал жарық дүниеге келе салысымен, адам болып жаратылғанын әлдекімге міндет қылып, әлек-шәлек талап-тілегін ала келеді. Әңгімені бер-берден бастайды. Әуелі тамақ тілейді, жөргек тілейді. Ә дегенмен жайлы ғұмырды жақсы көреді. Жаялығы жайсыз болсыншы – жаңа туған жас бала не істер екен? Екі аяғыңды бір етікке тығады. Сөйте-сөйте, апталдай азамат болады. Бір жұтым қара су мен бір үзім қара нанды қанағат тұтар біреуін көрмейсің. Кедей байға жетсем дейді, бай Құдайға жетсем дейді. Кедейдің бай болғысы келетіні миға қонады, құлаққа кіреді. Ал байдың болғысы келетіні сұмды-ы-ық! Барлық пәленің бәрі осыдан туындайды, осыдан өрбиді, есіреді. Есірік жама-а-ан. Оған Құдіреттің зауалы ғана тосқауыл. Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе»
Бақыт туралы сұрақ қана адамға бағдар береді. Қайда жүрсеңдер де, немен айналыссаңдар да, кіммен аралассаңдар да, бақыт сыйлайтынын ғана таңдаңдар. Динара Болат «Соңына дейін әйел» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 20 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |