Кітап үзіндісі
11/11/2024, 10:41

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Сабыр – ақылдың, сезім – жүректің иесі. Бір-біріне бағына бермейтін осы екі қасиетті ортақ мақсатқа жүгіндіріп, өзі сүйген адамға сырттай тілекші боп қалу – үлкен адамгершіліктің ғана қолынан келер іс.

Шыңғыс Айтматов «Құз басындағы аңшының зары»

 

Біздe тірлігіңнің бастауы мeн талқаныңның таусылар сәтін сeзіну дeгeн жoқ қoй. Маған қашан туғанымды айтып қoйғаны қандай өкінішті. Eгeр айтпағанда, бәлкім, қанша жасқа кeлгeнімді білмeйтін бe eдім, oның үстінe тіршіліктің тауқымeтін тартып та үлгeргeн жoқпын, дeмeк oн, бoлмаса жиырма жылдан сoң өлeмін-ау дeгeн уайым миыма кіріп тe шықпас eді ғoй. Eлсіз аралда туып өссeм өлім дeгeн шіркіннің бар-жoғы қапeрімe кірeр мe. Кeйдe «oсыған жeтeр бақыт бар ма» дeгім кeлeді. Бірақ кім біліпті? Мүмкін қасірeттің үлкeні дe oсы шығар? Өзeкті жанға бір өлім дeгeнді шынында сeзбeс пe eдім? Oсы біз шыр eтіп жeргe түскeндe-ақ ажалды шаранамызбeн біргe ала кeлгeн жoқпыз ба? Ал өлім барын сeзбeсeк, өміргe oсыншама құштар бoп, өмірді сүйeмін дeп нeсінe өліп-өшeміз?

Иван Бунин «Арсеньевтің өмірі»

 

Байытпасаң – байытпа, тілентпеші, Жаратқан!

Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»

 

Материалдық жағдайды жақсарту мәселесінде қыз бала мен ер жігітті қатар қарастыруға болмайды. Әрқайсысының орны, жолы бөлек. Жағдайын жасап алуы үшін қыз баланың шаршап-шалдығып жүргенін құптамаймын. Қазіргі қыздардың біразы «қаржылық тұрғыдан тәуелсіз болу» дейтін ойдың жетегінде жүр. Содан тұрмысқа шығудан гөрі ақша табуды артық көреді. Сонда қыз бала тойға дейін қанша табыс таба алады? Жақсы бір телефон алған болар, әрі кетсе көлік, үй алған шығар. Болды. Осыған жету үшін қанша жыл жұмыс істеп, шаршады десеңізші?! Ал тұрмысқа шығып, соның бәріне күйеуімен бірге жетсе, жөні бөлек болар ма еді.

Ақан Мергенбай «Дайындықсыз үйленбе»

 

Бiлмеймiн, баста берместi неге сұрағам,

Жан-жағым түгел шытырман жолдар шұбаған.

Алысқа қарап отырам сосын күн салып

Келердей қайтып келмеске кеткен... бiр адам... әжем секiлдi.

Есенғали Раушанов

 

Сыртқы түр – перде. Ішін айт. Жүрегі қалай соғады, бүйрегі кімге бұрады – соған қара. Ойын айт, пиғылын айт.

Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»

 

Адам қайғыда да әділетті болуы керек.

Ілияс Есенберлин «Махаббат мейрамы»

 

Сенің өкпең тарқамайды екен деп,

Өмір күтіп тұра ма?

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: