01/10/2024, 11:09 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Жүрек жүдеу, Көңіл сынық, Сынық күн. Сен де бүгін хал сұрауды ұмыттың. Сен де суық, Күз де суық, қайтемін, Дір-дір етіп тоңғанын-ай үміттің... Құралай Омар
Әсел, саған бір қызық нәрсе айтайын, біз байғұстарға алып бір планета көрінетін Жердің өзі – шектеулі дүние. Абсолютті ештеңе жоқ. Бәрі салыстырмалы түрде. Жақында бір кітаптан оқыдым, Күннің территориясына 1 миллион 200 мың Жер сыйып кетеді екен. Он сегіз мың ғаламнан қарағанда біз өмір сүріп жатқан жұмыр жер бір түйір шеге құмдай көрінеді. Сонда деймін, тарыдай ғана тотанақтың ішінде жүрген 4 жарым миллиард адам несіне кісі болады?! Болмашы бір молекуланың көкірегін керіп келе жатқанын көз алдыңа елестетіп көрші, Әсел?! Қандай күлкілі! Қандай аянышты! Мен осыны оқып білгеннен кейін әкемнің мені неге қарапайым болуға тәрбиелегенін түсіндім. Шархан Қазығұл «Күлпет»
Адам болып жаралған соң бұл жалғанда жақсылықтың уылдырығын төгуден артық міндет, одан артық қасиет жоқ бар ма екен! Жоқ қой, жоқ! Әкім Тарази «Кен»
Біздің ғасыр – депрессия ғасыры, бірақ романтиктердің ғасыры емес. Аягүл Мантай «Уақыттың көз жасы»
Өзіңді-өзің жұбатпасаң, өзіңді-өзің жылытпасаң сені кім жұбатады, кім жылытады? Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»
Ақиқатын айтқанда, бұл тобырдың негізгі жауы МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК емес, ОЙ-ӨРІСТІҢ ТАРЛЫҒЫ еді. Харуки Мураками «Норвег орманы» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 23 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |