Кітап үзіндісі
16/09/2024, 22:23

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

... Білмеймін. Біздің қолымызда бақытты болуға қажеттінің бәрі бар, бірақ бізден өткен бақытсыз адам жоқ. Әлдене жетіспей де тұрады. Мен айналама қарап, ой түйдім. Біздің уысымыздан шығып кеткен құндылықтың бірі кітап екеніне анық көзім жетті, өйткені соңғы он, жиырма жылда кітап біткеннің бәрін мына екі қолыммен өзім өртедім. Қазір нық сеніммен айта аламын: маған жетіспейтін бір кем дүниені толықтыратын кітап екен. Тек қана кітап көмектесе алатын сияқты.

Рэй Брэдбери «Фаренгейт бойынша 451 градус»

 

... Тағдырым жымиып қарамаса да, мен өмірге күліп қарағым келеді.  Өмірден мән табу үшін де, өмірді сүйем. Күн сайын өзімнен артылған тамақты көрші кемпірге апарып берем. Ол көшеге шығып, қайыр тілеуге де жарамайды. Төрт жылдан бері төсек тартып жатыр, – деп көршісінің кезінде өзіне көп көмегі тигенін айтып жатқанда есіме оған садақа бермегенім түсті.

Аягүл Мантай «Соқыр сана»

 

– Уақыт елегінен өткен кітаптарға ғана сенемін. Бұл заманауи әдебиетке көрсетілген сенімсіздік деп ойлама. Болмайтын кітаптарға уақытымды шығындағым келмейді. Өмір – қысқа.

– Саған қандай жазушылар ұнайды? – дедім барынша сыпайылап.

– Бальзак, Данте, Жозеф Конрад, Диккенс, – деді ол ойланбастан.

– Ешкім оқымайтын кітаптар ғой.

– Оларды сол үшін де оқимын. Жұрттың бәрі жапа-тармағай оқитын кітаптарды оқысаң, солар сияқты ойлап кетесің. Түк көрмеген нақұрыстар өңшең. Дұрыс адам мұндай тірліктен ұялса керек-ті. Білемісің, Уатанабе, осы жатақта есі дұрыс екі-ақ адам бар. Ол – мына екеуіміз. Қалғаны – құрт пен құмырсқа тек.

Харуки Мураками «Норвег орманы»

 

Анам айтатын: еркектер болмаса, қай-қай дұшпанның күңі болып кетер едік, қай-қай елдің етегіне жабысып, етігін жалап кетер ек; ерлер болмаса, батқан күніңнен, атқан таңыңнан не пайда, ерлер болмаса, тар құрсағың кеңи ме, тас емшегің жіби ме...

Оралхан Бөкей «Қайдасың, қасқа құлыным»

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 14 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: