16/09/2024, 22:15 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Кетелік, жаным. Біздер бір-біріміз үшін жаралған жандармыз. Жүр, Гүлназ. Бәрін-бәрін ұмытайық та, ешкім жоқ иесіз жерге кетейік. Сонау Қиыр Шығысқа, болмаса маған таныс Новосибирскіге тартайық. Сөйтіп, бақытты өмір кешейік. Ақыры біз бір-бірімізді сүйеміз ғой... Талғат Теменов «Гүлназ»
Әйел адам қашан да ер адамның басын сыйлауы керек. Бәлкім, кейбір әйел өзін күйеуімнен ақылдымын дейтін шығар, бірақ, акылдылық ондай тәсілмен көріне алмайды. Керісінше, әйел ақылды болған сайын зайыбын сыйлайды. Оның арын сыйлайды. Күйеуінің ақымақ екенін біліп тұрса да, оның намысына тимейді, кешіреді. Егер зайыбының санасы болса ерте ме, кеш пе, өзінің қателігі мен кещелігін сезінбей қоймайды. Ақылды әйелдің қасиеті осында. Ал егер әйел күйеуін ұнатпайтын болса, оның әрбір сөзіне таласып, жағадан ала бергенше екеуі екі бөлініп, жеке қалағанынша өмір сүруі керек. Дулат Исабеков «Қарғын»
Өлемін деп құлшылық қылып, өлмеймін деп тіршілік қылып жүрген жанмын, Ерденжан. Шархан Қазығұл «Күлпет»
Жалпақ әлемге жау көзбен қарауға болмайды. Бәрін көңіліңе ала берме. Бойыңды қорқыныш пен үрей жайлап алған соң да үнемі жамандық күтіп отырасың. Оның бәрін ұмыт, сонда бәрі де оңайлап сала береді. Харуки Мураками «Норвег орманы»
– Ол да сол қулықтың жалғасы. Қайыршыға кедейдің де рахымы түседі ғой. Кедей адам қайыршыға байлығы асып-тасқандықтан садақа ұсынбайды, қайыршының көзіндегі сиқырдан еріп кетеді. Сөйтеді де аузындағысын жырып береді. Ұзақбай Доспанбет «Қызыл жолбарыс»
Өмір неге бізді осылай сынайды? Бөлмеде мен, далада күз жылайды. Үмітімдей жүрегімнен үзілген, Жанды ауыртып, жапырақтар құлайды. Құралай Омар баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 13 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |