24/06/2024, 11:00 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Болашақта балаларымыз дүниеқұмар, ашкөз атанбай өнерге, білімге, мәдениетке сусындап өссін десек, кітапты басты жасау етуді дәстүрге айналдырсақ құба-құп. Ділдә Матайқызы «Айналайындарым менің»
Сый Біздің басты кемшілігіміз: сәл де болса қиялға ерік беретін жерде үнемі бәрін ақылға жеңдіретініміз. Бәрін орын-орынға қойып жинап, жоқ жерден қисын іздеп, бұйырайын деп тұрған бақытты ұшырып жіберуге құштармыз. Бала күннен: біз бүтін бақытты иеленуге лайық емеспіз дегенді сіңіріп өсеміз. Содан да болар қол жеткен бақты өзгеге оп-оңай сыйлай саламыз. Өз жүрегімізді сатып кетеміз. Өз еркімізбен табанға таптап, сөйлемесе екен дейміз. Тек ауырмаса, үндемесе, жер бетіндегі бишара тірлігін жалғастыра берсе екен дейміз. Ал шын мәнінде бәріміз де Көктің сыйы едік... Алина Ермолаева «Чтобы звёзды дрогнули...»
Жақсы көретін адамыңа, не бір қимас затыңа жететін ештеңе жоқ. Өмірдегі жалғыздығыңды солар еске түскенде мүлдем ұмытып, аз уақытқа болса да өзінді-өзің алдарқатасың. Егер күндердің күнінде сол қимасыңды, сыйласыңды жоғалтып алсаң, мынау ғажайып ғалам сен үшін бос қуысқа, әрсіз де нәрсіз бірденеге айналады. Ажарынан ада болады. Әміржан Әлпейісов «Қашқын суыр»
Осы жағдайға алып келген өзің. Не сеземін? Не ойлаймын? Қандай өмір сүріп жүрмін? Осы туралы бір сәтке ойладың ба? Бәрің бірдей өзімшілсіңдер. Өзіңді ғана ойлайсың. Маған да сезім, қамқорлық керек. Менің де еркелегім келеді. Жалғыз сен ғана дүниенің қызығын көруің керек пе? Мұрат Қолғанат «Махаббат бар ма?»
Кемістік әркімде де бар. Кемістігі жоқ деп ойлайтын адам – адам емес. Бауыржан Момышұлы «Көз алдымда бәріңсің»
Адам беті, оның құбылысы — оқи білген жанға алуан-алуан сыр ашатын тамаша бір қиял-ғажап кітап! Кісінің көзінен қиялға шомғанын, қайғы-мұңға берілгенін, ернінен қуанғанын, ренжігенін айыруға болады. Ілияс Есенберлин «Ойлар, баяндамалар, күнделіктер, хаттар»
– Адам бұл жалғанға жалғыз боп келіп, жалғыз боп кетеді. Аллаға ден қойған құлдарының өмірінің мәні де осы жалғыздықта. Бұрынғыдай емес, қайырымды, жаны да шуақ шапағаты мол пенделердің өмір сүруі қиындап тұр! Сезімтал кісі басқаның бақытсыздығын іштей болса да бөлісіп, алары болмаса да, берері жоғын сезініп, жан дүниесі жүдеп, жүнжіп жүр. Заман аумалы-төкпелі болған сайын, адамгершілік пен арды сақтау оңайға соқпай тұр-ау. Әміржан Әлпейісов «Қашқын суыр»
Өмірдің кейбір сәттерінің көріністері мәнді-сәнді, құнды болмаса да, ұмытылмай есіңде сақталып қалады екен. Несіп Қалымбетова «Тағдыр мен тағылым» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 27 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |