18/06/2024, 22:35 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Бірақ журналист те дәрігер сияқты, ол да өзінің тексерген ісіне диагноз қояды, операция жасайды – кемшіліктен құтылудың жөнін көрсетеді. Дәрігер операцияны адамның тәніне, журналист жанына жасайды. Теріс диагнозбен жанға жасалған операция адамды өмір бойы мүгедек етеді, сөйтіп оны баспасөзге деген сенімнен айырады, оған өштестіреді. Бұл жалпақ жұртқа жария болады. Ал тәнге жасалған операция теріс болса, адам өледі, ештеңені білмейді, ешкімге айта алмайды. Өлген адам тіріге қорқынышты емес. Екеуінің тағы бір айырмашылығы – дәрігер адамның бойынан ауру тапқанда оған жаны ашығанын айқын аңғартпайды, ішінде сақтайды; журналистің әр адамның бойынан кемшілік көрген сайын жаны ауырады, «бұл сорлы мұндай кесірге қайдан тап болды екен?» деп, өз-өзінен қиналады. Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»
– Бір ғана тілек, бір ғана өсиет, құлыным. Басыңа әлі талай қиын-қыстау күн туады. Өнеріңді саудаға сал, бірақ өнермен саудаласпа. Өнермен саудалассаң, өнердің кәріне ұшырайсың, киесі соғады. Міне, мен бүгін күйді қайырдым. Ендігі күй сенікі. Таласбек Әсемқұлов «Талтүс»
Құдайға күнәһар болмайық. Мұрат Қолғанат «Махаббат бар ма?»
Ауыздығымен алысқан асау да арынды арғымақ – өмір кімдерді арқасынан аударып тастамай жатыр. Алды арманға, жан-жағы үмітке толы тынымы жоқ шылбыр қашаған тірліктің тәтті елесінің соңынан зымырап келе жатқан қанша ғұмыр өзі де, өзге де ойламаған тұстан оқиятта омақаса мерт болды. Ол біреудің арқа сүйер әкесі, ол біреудің мейірімді анасы, ол біреудің бауыр еті баласы, ол біреудің жүрегінің жартысы еді ғой… Ұларбек Нұрғалымұлы «Дайағашшы»
Білесіз бе, кейде қараптан-қарап отырып жүрегіңнің терең бір түкпіріне тығып тастаған ең бір құпия сырыңды да біреу-міреуге жыр ғып айтып бергің келетін кез болады. Дулат Исабеков «Өкпек жолаушы»
Мен: «Үкімет мұндай қылмысты неліктен істейді? Қандай, не мақсатпен?» деп сұрадым. Энтрена маған қарамастан бір ғана сөйлеммен жауап берді: «Халықты тонау мүмкіндігінен айрылмау үшін». Мигель Отеро Сильва «Сыр шашпаған бесеу»
Алда әлі күнді көре білетін ұрпақ келеді! Сол күнді көретін ұрпақ сендерді еске алатын болады. Бізді ризашылықпен, үлкен құрметпен еске алатын болады! Өкінбеңдер! Күрес жолына түскендеріңе өкінбеңдер! Серік Жолдасбай, Еркін Ерланұлы «Алаш айтқан асыл сөз» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 29 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |