Кітап үзіндісі
11/06/2024, 00:08

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Он тоғызыншы қағида. Жұрттан құрмет, ілтипат не махаббат күтсең, ең әуелі мұны өзіңе қарызсың…

Элиф Шафак «Махаббаттың қырық қағидасы»

 

Арақ шіркінді ары ақ десе, бері ағатыны несі! Адамдардың оған көк шыбындай үймелеп, қара құрттай қадалатыны қалай? Естерінен адасып жатса да, бір үзім нанға зар болып отырса да кеңірдектері тарсылдап, зәмзәм суына шөлдегендей ұмтылады да тұрады. Ар мен адамдықты күл-қоқысқа лақтырып тастап, соқыр тауықтай ұмтылады-ай келіп. Арақ ішкендердің басқа нәрсеге дәл сондай құлшынғанын көрген емеспін.

Сүлеймен Мәмет «Көңіл көзі» (Қамшының сабы немесе айқаспаған кірпік)ъ

 

Ішіңді алай-дүлей еткен дүниеңді ең жақын адамың – анаңа айта алмаған қандай ауыр еді..

Қанат Тілеухан «Шатырдағы әйел»

 

Бір тиыным қалғанша оқимын. Сонан соң, тұрмыс қандай жүк салса да көтеремін. Бірақ көңілім оқуда болмақ.

Серік Жолдасбай, Еркін Ерланұлы «Алаш айтқан асыл сөз»

 

Еркек пен әйелдің бір-біріне деген парасатты қарым-қатынасы өмірге, айналаға сән береді. Сезім барда дүние қызық...

Әміржан Әлпейісов «Қашқын суыр»

 

Өмірде алдыңнан талай нақұрыс шығады. Сенің жаныңды жараласа, ақымақ болғандықтан ғана солай қылғанын ұмытпа. Сонда олардың иттігіне бас қатырмайсың... Әйтпесе мына өмірде реніш пен кектен асқан жаман нәрсе жоқ. Абыройлы бол, өзіңді алдама.

Маржан Сатрапи «Персеполис»

 

Жалғанда ақылдың, ойдың, сезім мен жүректің соқырлығынан сақтасын, лайым...

Оралхан Бөкей «Жылымық»

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 26 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: