Кітап үзіндісі
03/06/2024, 23:42

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Өзің шеш. Адамның өзінен асқан ақылшысы жоқ.

Сәуле Досжан «Өгей жүрек»

 

Бір байқайтыным, кей жастар бос уақытын қадірлемейді. Бос уақытты тиімді пайдалану керек, пайдалы іспен айналысу керек. Мейрамханаға емес, театрға бару керек оларға. Өнер үйрену қажет, қазір ол үшін бар мүмкіндік жасалған. Өнер – қазақ өнері жанрлық жағынан байып келеді. Біз соған қуанамыз. Өнер адамның рухын оятады, жан дүниені байытады.

Өтеген Оралбай «Серпер сезім»

 

– Өзіңнің бақытсыздығың үшін бақыттылардан өш алуды ойлама.

Лира Қоныс «Келіншек тал»

 

Меніңше дүниедегі тірліктің тірегі, қайнар көзі екеу – ол өлім мен махаббат. Өлімнің ақиқаттығы бізді өмір сүруге ынталандырады. Ал махаббатсыз өмір мәнсіз... Пәктік мәңгі, махаббат мəңгі... Таза сезімді ешқашан кір шалмақ емес. Тозса өмір тозсын, махаббат тозбаса, кіршіксіз болса екен...

Әміржан Әлпейісов «Қашқын суыр»

 

Сұлу деп қазақта көрікті әйелді айтады. Ал көркінің үстіне ақыл-парасаты мол әйелді ару деп атайды. Өмірде сұлу көп те, ару аз. Ауыз әдебиетінде ару бейнесіндегі Құртқа, Қарашаш, Мендісұлу сияқты қыздар ғана суреттеледі.

Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»

 

Бақытты қыламын деп алдың ба, енді бақытты қылып ұста!

Мұрат Қолғанат «Махаббат бар ма?»

 

Қабілеттің төмендігі туралы стеротип қыздардың санасына сіңіп, оларға таңба салып, сенімі мен тынышынан айырды. Мен мұнда оларды кінәлі деп тапқым келмейді. Стереотиптер – тамыры тереңге бойлаған қоғамдық проблема, сондықтан мұның құрбаны болған жандарға кінә артқым келмейді. Тек ойлау үлгісі өсуге бейім адамдарға стереотип пен теріс түсініктің жай ғана өзге біреудің пікірі екенін түсініп, оларға сергек сенімімен, бар қабілетімен бұған қарсы тұруға көмектесетінін айтқым келеді.

Кэрол Дуак «Ойлау»

 

Өмір атты тіршілік әлемінде әдемі ғұмыр кешу әр пенденің асқақ асыл арманы болғанмен, оны іске асыру көп адамдардың қолынан келе бермейтініні мәлім, ол өзі оңай шаруа емес. Қалай болғанда да, қателіктердің кетіп жататындығы да өмір заңдылығы шығар, ол жағы да көпшілікке аян ғой.

Несіп Қалымбетова «Тағдыр мен тағылым»

 

Әкені айтсақ та, шеше жағына барыспайық.

Оралхан Бөкей «Өліара»

 

Жап-жақсы малшы, ветеринар, агроном болатын жігіттер ұзын дәліздердің еденін жылтыр туфлимен тоздырып бекерге жүр.

Ерлан Әбдірұлы «Идеал жігіт»

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 27 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: