27/05/2024, 22:39 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Бағзыдан жеткен бірлі-жарым сөздің өзінен аталарымыздың қай істе қандай ұстанымда болғанын, негізгі болмыс, танымын аңғара беруге болады. Мысалы, «ысқырып атқан киіктің обалы жоқ» дейді. Қадірін білген адамға осы сөз ұлы қазына. Бұл – бізге бабаларымыздың биік парасатын көрсетіп тұрған бір белгі. Алла адам үшін жаратқан соң киік несібе болады. Қажеттіліктен аулайды. Ғажап, сөйте тұра «ысқырып ат» дейді. Киікке де берілген бір мүмкіндік. Қапы кетпеуі тиіс. Әйтпесе «обал болады» дейді. Ұлы дала заңы. Ұларбек Нұрғалымұлы «Дайағашшы»
— Жоға!.. Қажеті жоқ, қайтесің жарамсақтанып... Бірақ бар ма сенде сергек сезім, жан жылылығы... Не десем екен... Сүйген адамға, тек бір ғана адамға арналған аяулы пейіл, ықылас деген атымен жоқ. Сүйгенім мені дәл өзімдей сүйсе, шын сүйсе, алаңсыз сүйсе!.. Міне, маған керегі осы ғана. Әйтпесе, тіршілік — рахат емес, азап. Солай емес пе? Сен соны ойладың ба? — Білмеймін, не деп отырсың осы сен?.. Не деген күйкілік, неге керек осылар?.. Соған біз екеуімізде уақыт бар ма? Күндіз-түні сарылып, диссертация жазып жүрсің. Ал, әлдекім әйелінің шұлығын жөндесін; сенің соны көре қалғандай, соған таңдана қалғандай нең бар! Жарық дүниеде одан гөрі мағыналылау нәрсе болмағаны ма? Шыңғыс Айтматов «Қызыл алма»
Жазушылық – жаттығу жасау емес. Жаттығуыңды әдебиетке келгенше жаса, айналайын! Әдебиетке келдің екен, халықтың арына ар қос! Таза арды шөп-шаламмен бастырма! Жазушымысың, болды! Бұл атауға ешқандай эпитет керек емес. Жас жазушы деген болмайды. Жазушы екенсің, әрине, жаз! Бірақ әлгі бір асқар шыңдарға қарап, арыңмен жаз, барыңды сал! Шебер жаз! Жақсы жаз! Жаман жазасың екен, жазба! Жазушылықты оңай кәсіпке, әсіресе құлқынның кәсібіне айналдырма! Толстой айтқан ғой: «Жер жырт, етік тік, тағы бірдеңе етіп тамақ асыра, бірақ жазушылықты кәсіпке айналдырушы болма!» Тағы да сол Толстой айтқан: «Асылы, жазбауға мүмкіндігің болса, жазба! Жаман жазғаннан жазбаған жақсы! Сонда әлгі бір ар таза тұрады...» Өтеген Оралбай «Серпер сезім»
Гүлназ, қасымда жүргенің қандай жақсы. Өйткені сен барда өзімнің біреуге қамқоршы екенімді сезінем. Меніңше бақыт деген осы болар... Талғат Теменов «Гүлназ»
Біз, әйелдер, аяғымызды шалыс бассақ болды әйел шайтан, азғырушы, азғындаушы. Жұмақта рахаттанып өмір сүріп жүріп едік, осы қатындардың кесірінен қуылдық деп жазғырасыңдар. Біз шайтан болсақ, несіне шайтанмен бірге тұрып ұрпақ өсіріп жүрсіңдер? Мұрат Қолғанат «Махаббат бар ма?»
Жай әйелдер біздің санамызды ойнатпайды, өйткені олар өз ернеулері мен дәуірлерінен еш шықпайды. Олардың жаны бұлайша өзгере алмайды. Олардың жаны мен тәні бізге басына киген шляпалары сынды жаттанды. Оларда құпия-сыр жоқ. Біз үшін олар парақталып біткен кітап. Оскар Уайльд «Дориан Грейдің портреті»
Өзің сөккен адамдардың қателігін қайталама. Қанат Тілеухан «Шатырдағы әйел»
Мамыр ғой деймін, мамыр ғой мынау баяғы, Қай тұсқа барсам, жолыма кілем жаяды. ...Тым бақытты боп кеттім бе, тәңірім, осы жаз Не болар екен аяғы?! Есенғали Раушанов «1987 жылдың басты оқиғалары»
Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты – балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек. Серік Жолдасбай, Еркін Ерланұлы «Алаш айтқан асыл сөз» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 33 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |