Кітап үзіндісі
06/05/2024, 10:35

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Өлмейтін жан жоқ. Бірақ жұрт өлімді ойламайды, мәңгі өлмейтіндей  болып, өзеурей береді: өзгеден озсам, байысам, басқадан бағым артса екен  деп жанталасады. Ал өлгенде сол байлық пен бақтан келер пайда не: қонған  бақ ұшады да кетеді, жиған мүлік шашылады да бітеді. Ағайының аузына да алмайды, атың аталусыз қалады. Өлгеннен кейін сені ұмыттырмай елге атыңды ататып жүретін не? Ол  өзіңнен туған балаң мен өзгеге жасаған жақсылығың. Дүниеқор, таққұмар, баққұмар, даңққұмар етпей, балаңды қоғамшыл, көпшіл, адал азамат етіп өсірсең, өзің айналаңа, ағайынға әділ болып, ешкімді ұлтқа, руға бөлмесең, сонда сен көпке дейін ұмытылмайсың, балаңмен қоса өмір сүресің, басқаның көкейінде жүресің.

Әзілхан Нұршайықов «Өмір өрнектері»

 

Адам тұлғасы үшін екі иық қандай қажет болса адамның кісілігі үшін этика мен эстетика сондай қажет.

Айнұр Шамшейтова «Тағдыр сыйы»

 

Келбет дастарханның үстін реттеп жіберіп, ортаға үйеме табақ ет қойды. Шерім қойдың басын бөлек табақшаға салып жанына пышақ қойды да Әжігерейге ұсынды. Әжігерей сәл тосылып қалған.

– Ал, ал, – деді Шерім, – Әкең өлді, енді бас ұста.

Таласбек Әсемқұлов «Талтүс»

 

Дүниеде нені арман етсең де, іздемейінше, өзінен-өзі келіп қолыңа түспейді. Диқан өнім алу үшін жер жыртып, тыңайтқыш сеуіп, суғарып жатады. Жер екеш жердің өзі жаңбыр жауса бусанып, дала түрленіп кетеді. Адам да сондай, жалықпай іздене білсе, санасы көркейе түседі.

Әкім Ысқақ «Жүректегі жазулар»

 

Адам бақытты басынан ұшырып алғанда ғана сезінеді емес пе?

Орхан Памук «Сезім музейі»

 

Кәдуілгі әйелдердің жаны әйтеуір бір жұбатылады. Біреулері киімінің түсін ауыстырады. Өз жасына қарамастан алқызыл көйлек киіп алатын немесе отыз бестен асса да қызғылт түске әуес болатын әйелдерге сенбеңіз, Дориан, олар міндетті түрде өткенімен қоштаса алмай жүргендердің қатарынан болып шығады. Кейбіреулері өздерінің күйеулерінің бұрын көрмей жүрген тамаша қасиеттерін тани қалады, осыған да уана береді. Сөйтіп некелік өмірінің бақытын бәріне көрмеге қойғандай байқата бастайды, бейне, өмірдің бұдан қымбат дүниесі жоқтай. Кейбірі дінге беріледі. Бір әйел діндегі құпиялылық қызықтырады деп мойындаған болатын, мен оған әбден келісем. Оның үстіне өткені күнәлі әйел болу да оларды қызықтыратынына дау жоқ.

Оскар Уайльд «Дориан Грейдің портреті»

 

Жатқанға – жан жуымайды. Өзі тырбанып, іс қылмаған жұртқа тегін нәрсені ешкім әкеліп бермейді.

Серік Жолдасбай, Еркін Ерланұлы «Алаш айтқан асыл сөз»

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 34 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: