Кітап үзіндісі
11/03/2024, 09:47

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Жыламашы. Асылым. Жыламашы. Еркектің жылағанынан қорқамын. Жыламашы, жарығым. Әлі талай қызды көресің. Бұның бәрі бір күнгідей болмай ұмытылады.

Таласбек Әсемқұлов «Талтүс»

 

Дүниедегі ең жақсы нәрсе: сапарға аттану. Сапарың таусылмасын деген тілек бар. Өмірдегі ең жаман нәрсе – қыр аспай жатып шаршап, шалдығып орта жолда қалу болар.

Дүкенбай Досжан «Ақ Орда»

 

Әйелдің қуаты мықты. Алайда оны тек жақсылыққа жұмсауымыз керек. Әйелдің тілі өте таза, әрі әдемі болуы тиіс. Қарғыс емес, бізден бата болсын!

Ерлердің міндеті – әйелдің тілі бұзылатындай жағдайға жеткізбеу, ашындырмау. Әйелдің міндеті – еш жағдайға берілмеу, бүлінбеу.

Динара Болат «Соңына дейін әйел»

 

Тіршілік дегеніміз – дүниеге келу, ішіп, жеу, өлу ғана емес, ойлай білу.

Серік Жолдасбай, Еркін Ерланұлы «Алаш айтқан асыл сөз»

 

Көп оқыған әйел өзінің әйел екенін ұмытып кетеді. Ал әйелдің әйелдік қасиетті ұмытуы – адам ретінде жоқ деген сөз.

Дулат Исабеков «Қарғын»

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 38 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: