Кітап үзіндісі
19/02/2024, 14:13

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Енді бұл ешқашан оның аялы алақанының жылуын сезіне алмайды. Енді бұл ешқашан оның жымыиған жылы жүзін көре алмайды. Енді бұл ешқашан оның жанға жайлы дауысын ести алмайды. Енді бұл ешқашан әкесінің кең иығына басын сүйеп, жүрегінің дүрсілін тыңдай  алмайды…

Заря Жұманова «Жұмадағы жұмбақ өлім»

 

Әр нәрсені білуге, үйренуге ұмтылу – кісінің табиғатына біткен жан ләззаты. Өнер-ғылым – еркек-әйелдің ортақ сыбағасы. Әйелді оқытпай надан қалдыру – жан ләззатынан жұда қылған болады. Бүтін адам баласына ортақ ғылым дариясынан татырмай қызғанған болады. Тұқым болып, ел атағымызды жоғалтпайтын баламыз – әйелден туады, әйелдің қолында өседі.

Серік Жолдасбай, Еркін Ерланұлы «Алаш айтқан асыл сөз»

 

Өз тағдырыңды өзің жасауға ерікті екеніңді мынаған қарап-ақ білесің. Не үшін сен дарасың? Не үшін сенің түрің, көз жанарың, дауысың, саусағыңдағы із, мінез-құлқың қайталанбас элементтермен толып тұр? Ерік-қалауың жоқ болса, Тәңірі тағала мұншама даралықты бір басыңа не үшін үйіп-төгіп бере салды? Осының өзі «Құлым, мен сені ерекше сипатпен жараттым. Енді осыған ие бол! Ешкімге ұқсамайтын таңғажайып тағдырды сомдап шық!» — деген ишара.

Санжар Керімбай «Бейсен және Болмыс»

 

...Мен қызымды әке болып қорғаған жоқпын. Мен адам болып қорғадым. Біреу далада малды ұрып жатқанда да барып жөнін сұрайсың ғой. Сендердікі қызық екен. Баяғыда, өздерің жамандайтын байдың заманында да кеткен қыздың сұрауы болушы еді. Байдың заңынан жаман болды ғой мыналарың.

Таласбек Әсемқұлов «Талтүс»

 

...Есіңде болсын, «көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық».

Қабдолашева Гулмарал «Мұқилашым – менің мұңым»

 

Атасы мейірімді болатын. Түсі суық болса да... Жүрегімен мейірбан болатын. Ол өз ойымен... және басқаның қасірет-қайғысымен, басқаның қуанышымен ғұмырын кешті. Әр таңның атқанын Тәңірінің сыйы деп қабылдады. Адам болу үшін көп көру керек. Өнер алды – адам болу. Атасы өз бағасын өзі айтқан адам болатын. Өз бағасын білген адам басқаны да түсінеді, барлық адамды түсінеді. Атасын жақсы көретін. Жақсы көретін жөні көп, бірақ ең бастысы бұның ырқы мен ықтиярына деген құрметі үшін жақсы көретін. Түптеп келгенде өмір деген рахат та емес, қасірет те емес. Өмір деген – іс. Атасы өз ісін аяғына дейін адал жеткізді. Бір адамға осынша хикметтен өту оңай ма.

Таласбек Әсемқұлов «Талтүс»

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 37 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: