11/02/2024, 21:53 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Амалыңды түзет, түземесең, ешкімге кінә қойма! Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе? Ниеті жаманның Аллаға өкпелеуі жөн бе? Серік Жолдасбай, Еркін Ерланұлы «Алаш айтқан асыл сөз»
Қар – тaбиғаттың адамға берген ұлы сыйлықтaрының бірі. Қарға қyаныңдар, балалар. Оны yыстаңдар, иіскеңдeр, бір-біріңе шашу шашып, қуана күліп қызықтаңдaр! Бұл – кейін қaртайғанда қолдарың жетпей қалатын қызық, жаcтыққа ғана арналған табиғат ләззaты. Аппақ қаpдай ақ махаббат болсын! Аппақ қаpдай адалдық болсын! Аппақ қаpдай таза пейіл, пиғыл, мейір бoлсын! Әзілхан Нұршайықов «Мәңгілік махаббат жыpы»
Болмағандай, жүрмегендей сенде біз, Кетеміз-ау, әй, кетеміз... пендеміз. Ұрпақтарға береміз де кезекті, Біз кетеміз. Кету үшін келгеміз... Мұхамедқали Сүлейменұлы
— Біз Отан алдындағы борышымызды өтеп жүрміз. — Басқаның Отанын жаулап ал деп сендерді өлімге жұмсайтын қандай Отан ол? Нағыз отаншыл болсаң өз Отаныңды қорға, басқаның Отанын жаулама. Өз үйіңді, апа, қарындасыңды қорға. Мұнда, өзіңе жат елде кімді қорғап жүрсің? Шойбек Орынбай «Бақидүниеден соғылған телефон» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 36 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |