05/02/2024, 09:11 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
...Ал екі ақылды болса, бой таластырмай тұра алмайды. Неғұрлым ақылды болса, соғұрлым көбірек таласады, неғұрлым көбірек таласса соғұрлым бірінен бірі алшақтай түседі. Ақыры айырылысып тынады. Арада әлденеше жыл өткен соң, жаны жат бөтен әлдекіммен үстіне бала-шаға, қазан-ошақ, қоқыр-соқыр тиелген бір арбаға жегіліп, арып-ашып жүрген шақта өткенді өкінішпен ойға алып, «шіркін, баяғыда қандай ақымақ болғанбыз» деп күрсінеді. Жоқ, қателесесіз, ақымақ болған жоқсыз, тым ақылды болдыңыз. Сол себепті де бақытыңыздан айрылдыңыз. Мұхтар Мағауин «Көк мұнар»
Егер дүниедегі бар зиянкестікті тексерер болсақ, солардың бәрін жындылар емес, сау адамдар жасаған ғой. Төлен Әбдіков «Оң қол»
Кінәласып ғұмыр кешпеңдер. Тұрсын Жұртбай «Қар астындағы көбелек»
Неғұрлым күндегі істейтін амалдарымыздың көбі ойландырмай, зорландырмай, оңай істелетін болса, солғұрлым ақылымыздың еркіндігі молырақ болады. Бірдемені істерде тоқсан ойланып, тоғыз төңкеріліп, белін байлай алмайтын адамнан сорлы мақұлық жоқ. Серік Жолдасбай, Еркін Ерланұлы «Алаш айтқан асыл сөз»
— Сонда қалай, бізден алғаныңыз да пара ма? — Баламысың деген, менің алғаным жамбас ақы. Ол пұлды өкіметтің қонақ үйіне де төлемейсіңдер ме... Өрімталдай өмірлерің үшін берген пима мен сағатты бұлдасаңдар, мә, өздерің алыңдар. Қайтер екен деп, әдейі сынап едім, тым-тым дүниеқоңыз екенсіңдер. Оралхан Бөкей «Қар қызы» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 38 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |