02/01/2024, 20:51 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
«Бүлдіршінге ертегі оқып беруге уақыт таппаған ата-ана есейген баласына сағаттап мораль оқуға мәжбүр болады. Бірақ ол кезде айтылған ақылы балаға ертегі болып естіледі» деген ащы мысқыл бар. Сондықтан балаға үйрететін құндылықты бес-алты жастан бастау керек. Сейілбек Мырзабай «Балалықтан даналыққа»
– Адамдар бұл шындықты ұмытып кеткен, – деді түлкі. – Бірақ, сен оны ұмытпауың керек. Өзің қолға үйреткеніңнің қай-қайсысын болмасын, сен олар үшін әрқашан жауапты боласың. Раушан гүлің үшін жауап бересің... – Мен раушан гүліме жауаптымын... – деп қайталады Кішкентай ханзада, оны есіне сақтап қалмақ ниетпен… Антуан де Сент-Экзюпери «Кішкентай ханзада»
Саналы, білімді адам баласы біркелкі өмірмен шектелмейді. Қашан да алға қарай дамып отырады. Тек сол жолында қателікке ұрынбаса. Жүніс Сақұрпағы «Шолпанға көшкен ауыл»
Біреуге керек болғаннан артқан бақыт бар ма? Əміржан Əлпейісов «Қашқын суыр»
– Жазу деген қиын ғой. Жазуын жазамыз-ақ, бірақ жазғанымызды жұрт оқи ма? Оқи қалса түсіне ме? Түсінбейді... Оларға халық жырларын бер, оны жақсы түсінеді. Демек, оқырманның көңіліне қону үшін солай жазу керек. Біздің қайғымыз – жазғанымызды халықтың түсінбегені. Иса Қапаев «Сынтаслы туралы толғау»
Пенде дегенің өзін-өзі, бірін-бірі алдап өмір сүреді екен ғой. Алдау керек, алдануың керек. Оралхан Бөкей «Өліара»
Борышың Өмірлік мақсаттың, борыштың бар екенін дәлелдеу қиын. Бірақ оның бар екенін сеземіз. «Құдай маңдайыңа жазған миссияны орындайтын сәтте мүлде басқа кеңістікке тап боласың, – дейді суретші Кит Харинг, – ғаламдық ауқымдағы құбылыстың ішінде жүресің. Адам өз эгосынан қалай асып түскенін байқамай қалады. Ең маңыздысы да сол». Мұндай борыш өз-өзінен аяқ астынан пайда бола салады деп ойласаң, қателесесің. Ойша кітап жазғанмен тең. Күн сайын бір қадам жасап отырсаң, өзіңнің өмірлік борышыңды табасың. Қажет сөздерді, маңызды ойларыңды қағаз бетіне түсіріп отырсаң, жаның нені қалайтынын түсінерсің. Ақыры немен тынады? Өмірдің мәнін табасың. Қажет болса, байлыққа да кенелерсің. Бай адамдардың әдеті: олар өз өмірін құны жоқ байлықпен толтырады. Таңды қарсы алады, жаңбырға қуанады, көп серуендейді, спортпен шұғылданады, достармен кездесулер ұйымдастырады. Әр нәрсе дер кезінде келеді. Ерте де емес. Кеш те емес. Бұл мәтінді оқуды да сен армандаған боларсың, сондықтан оқып отырсың. Өмірдегі жолайрыққа келгенің. Таңдау жасайтын сәт жақындады. Шынайы саяхатқа дайынсың. Юлия Баяндина Аударған Шынар Әбілда
Он екі айда бір айналып келетін, қадірлі Жаңа жыл! Ең алдымен не тілесем екен сенен? Тілегімді бересің бе, Жаңа жыл? Тілегімді берер болсаң, адамзатқа бейбітшілік, еліме абырой, халқыма бақыт, ал өзіме.. маған бар ғой баянды махаббат бер!... Өтебай Қанахин «Маздақ» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 37 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |