23/10/2023, 21:39 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
– Шыдарсың. Тек өзіңді жер қыла берме! Ол сені сүйеді. Сүйген күйеуді өзіңе тартқаның дұрыс. – Сүйеді дейсің бе? – деп Нұрхан ақырып қалды, – ал мен оны сүйем бе екен? – Ол сақылдап күлді. – Қасқыр қойды қалай жақсы көрсе, ол да солай жақсы көреді. Иса Қапаев "Сынтаслы туралы толғау"
Алла дінді адам үшін жаратты. Дінді қастерлейтін де, қадір-қасиетін қашыратын да, берекесін кетіретін де – адам. Сүлеймен Мәмет «Көңіл көзі»
Бұрын кітапқұмарлар көп еді. Қазір (өзі жазып, өзі шығаратын) кітап қуарлар көбейді. Жақау Дәуренбеков «Ойдауа»
Өмір деген өткен күндер емес, есте қалған күндер. Несіп Қалымбетова «Тағдыр мен тағылым»
...«Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деп, дана қазақ баяғыда шегелеп айтқан. Күйеуің неге сенің ғана меншігің болуы тиіс. Ондай құйтырқы ойды ойлап тапқан кім өзі? Не деген іштарлық?! Сонда ана бейшара қыз тізесін құшақтап, өмірден байсыз өтуі тиіс пе?! Ол сенің күйеуіңнің перзентін жарық дүниеге әкелмей ме?! Ұрпақ өрбітпей ме?! Ана болу бақытына ие болуға оның да моральдық құқығы бар шығар. Әйел үшін балалы болу, сәби сүю бақыт емес пе?! Әйелдердің әңгімесін естісең, төбе шашың тік тұрады. Етегіне намаз оқыған, жалғыз әйелмен шектелген еркек аз сияқты... Толымбек Әбдірайым «Тағдыр сыйы»
Маған жазатын хаттардың ішінде «қыз болып туылғаныма өкінемін» деген сөйлем жиі кездеседі. Ал ер болып туылдыңыз дейікші. Бәрібір екі жаратылысқа берілетіні бір ғұмыр емес пе?! Оның несін бөліске салып, заңдылыққа қарсы шығамыз? Ешқашан Құдай жаратқан болмысқа пендешілікпен пәтуа бермейік. Кімнің алдында не күтіп тұрғанын, кімнің тағдырында қандай қуаныш яки нендей соқпақ барын ешкім білмейді. Әсел Қасенқызы «Қыз ғұмыр келте неткен?»
Бүгінде бәрін білем дейтіндердің көптігінен білмейтіндердің "Қызыл кітапқа" кіруден басқа амалы қалмай тұр. Жақау Дәуренбеков «Ойдауа»
– Әдебиеттің үш түрлі мәні бар; таным тарапындағы мәні, тәрбие саласындағы мәні және эстетикалық мәні. Осы үшеуінен әдебиеттің қоғамдық, өзгертушілік күші (общественно-преобразующая сила) пайда болады. Демек, әдебиет дегеніңіз – өзінің тумыс-табиғатында адамды, адам арқылы қоғамды сана, ой, парасат жағынан өзгертімпаз, қайта құрымпаз, жетілдірімпаз нәрсе! Әдебиеттің ең ұлы миссиясы – адам санасын революцияландыру. Ал, қазіргі қайта құру дегеніміз – революцияны жалғастыру емес пе? Ендеше, әдебиеттің бұл майданындағы рөлін тәптіштеп жату артық, әдебиеттің бұл мағынадағы мазмұны, яки затын аты айтып тұр. Бұл – аксиома! Дәлелдеуді керек етпейді. Өтеген Оралбай "Серпер сезім"
– Мен кеше жыладым. Себепсіз... – деп күрсінді. – Себепсіз жылай алмайсың. Бәлкім, көз жасыңды төгуіңе себепкер болған оқиға осыдан біраз жыл бұрын өтуі мүмкін. Бәлкім, күндердің күнінде өлетініңді ойлап, жалған өмірді қимауың мүмкін. Қуану мен жылаудың себебі болмай қоймайды. Аягүл Мантай «Жауһар»
Шаңырақ иесі – отағасымен қандай қарым-қатынас жасап, азаматыңды қалай сыйлаудың қарапайым ережесін анам үйретіп еді. Ол кісі мен тұрмысқа шығардың алдында оңаша отырғызып: – Қарашығым, сен өзге босағаны аттап, бір қазанға ие болатын жаңа өмір бастағалы отырсың. Бұрынғылар: «Үйдің құты да, жұты да – әйел, еркекті зор ететін де, қор ететін де – әйел», – деген екен. Үйіңді құтханаға айналдырып отыңды лаулата жағасың ба, түтіндетіп бықсытып қоясың ба – ол саған байланысты. Ең алдымен, қарапайым әйелдік міндеттен – қамқорлықтан баста. Ол не десең – күйеуіңнің тамағы дәмді, киімі таза, айналасы жинақы болсын. «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» дейді, бозала таңның бозторғайындай ерте оян, жұбайыңнан бұрын тұр. Шашың тараулы, бетің күтімді болсын. Алла Тағала әйелге ана болу бақытын сыйлаған, ал еркекке сол ананың баласы болу жазылған. Сондықтан ол қандай жасқа келсе де, ананың алақан жылуын аңсайды, сырттай білдірмегенімен ықылас-мейірімді қажетсініп тұрады. Сен азаматыңа қарындасындай қамқор, әпкесіндей сүйеніш, анасындай аялап, әжесіндей ақылшы бол. Аса бір иіс алмас топас болмаса, ол да сенің қадіріңе жетіп ардақтайды, – деп еді. Зейнеп Ахметова «Теңбіл тіршілік»
Армандарыңызды келеке ететін адамдардан аулақ болыңыз! Ондай төмен саналы адамдар әрқашан солай жасайды, ал ұлы адамдар үнемі сіздің де керемет жетістікке жететініңізге сенеді. Әрі соны сезінуіңізге мүмкіндік беретін жолды табуға көмектеседі. Марк Твен «Гекльберри Финнің басынан кешкендері»
Сіздерге, былайша айтқанда, төрт мінезді еркек керек. Айталық, біріншісі белі жарамсыз шал, екіншісі – төсектегі дүлей қуат иесі, үшіншісі – күзетші, төртіншісі – көгілдір еркек.
Шал сіз не қаласаңыз, соның бәрін істейді. Сүйіседі, құшақтайды, еркелетеді, аймалайды. Өйткені оның бұдан басқаға шамасы жоқ. Екінші еркек –түнгі төсекте сіздің тәндік тоятыңызды қандыратын тағы күш иесі. Үшінші еркек – сізге күзетші, ол сіздің бума-бума жүгіңізді көтеріп, сізге ожар мінез танытқанның тұмсығын бұзады. Төртінші гей еркек сізбен бірге ерінбей-жалықпай сауда жасап, дүкеннен-дүкен қалдырмай аралап, сізге көйлек таңдасуға, заттардың сұрыбын ажыратуға, тәттіңізді бөлісіп жеп, аузын жаппай судыратып өсек айтып, әңгімеңізге сағаттап құлағын тоса алады. Сағадат Ордашева «Жұмадағы раушан»
– Сен мені түсінесің ғой, – деді мұңлы үнмен. – Адамды адам түсінбейді, түсінуге ғана ұмтылады. Аягүл Мантай «Жауһар»
Біз адамдар кейде жәй ойлай білетініміз үшін бақытсызбыз. Торғын Жолдасбекқызы «Пана»
– Өмір өтіп барады. Ал біз түк те тындырған жоқпыз. Сонда өмірге не үшін келдік? – дейді ол бетіме сұраулы жүзбен қарап. – Өлу үшін. – Жоқ, мен өмірге өмір сүру үшін келдім. Бірақ... білесің бе, мен ылғи да өзімнің бейітімнің басында жылап отырамын. Әлден соң үйде отырғанымды сезінем де қорқыныштан селк етемін. – ?.. – Неге үндемейсің? – Мен өзімді ұйықтап жатып, ояу жатқандай, ояу жатып, ұйықтап жатқандай сезінем. Күн суық күні ыстықтап жүремін, ал ыстық күні тоңып жүремін. Аягүл Мантай «Жауһар»
– Сіз кітаптан тек бұрындары бір қорытындыға келмеген, қайдағы бір түсініксіз бейненің қазір сізге қиырдан қайта оралғаны сияқты және сіздің нәзік түйсігіңізді кереметтей толық білдіретін өз ойыңызды кездестірген кезіңіз болды ма? Гюстав Флобер «Бовари ханым»
Пайғамбарымыздың өзі де бір хадисінде: «Дінге шектен тыс берілмеңдер» деген екен ғой. Сүлеймен Мәмет «Көңіл көзі»
Адамның кейбiр кездерi болады, көкейiңдегi сөзiңдi айта алмай, ненi керек етiп, неден безiнiп тұрғаныңды бiле алмайсың. Сөйтiп дел-сал боласың да қаласың. Ондайда адам өзiне-өзi мықты болғаны жөн. Ұзақбай Доспамбетов «Ғарыш әні»
Сауда деген өнер, ақыл мен айланың таласы ғой Жұмағали Саин «Жол үстінде» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 46 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |