26/09/2023, 23:12 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Біз көбіне «Өмірімді өзгерткім келеді, бірақ…» деген сылтау айтып, теледидардың алдында сағаттап отырамыз, шамадан тыс тамақтанамыз, Facebook-тен шықпаймыз. Өзіңізді бұлай алдамаңыз. Өзгергіңіз келмейді. Егер бұрынғы әдетіңізді қайталап жүре берсеңіз, демек, өзгергіңіз келмейді. Ендеше өзіңізді ғана кінәлаңыз… Гәри Бишоп «Unfu*k yourself. Бас қатырма, өмір сүр»
Кітап оқу арқылы ғана біз марқұм болған ақылды адамның рухымен тілдесеміз. Олардың кітабын оқып, қуатты ойын қосып аламыз. Сол арқылы олардың көркем мінезі де жұға бастайды. Санжар Керімбай «Өркениетті адам»
... Еркекке кiр жұқпайды. Ал əйелдей кiршең нəрсе жоқ. Оған жабысқан бiр дақтың өзi алты алашқа тарайтын сөз тудырады. Ондай сөз адамды жер қылып, отқа итерген сайын итередi. Ұзақбай Доспамбетов «Ғарыш әні»
Халықтың ұғымында «ер» бар да, «еркек» бар. «Ер» деп халық, қатардағы еркектен жүрегі үлкен, ісі озық, қылығы ерекше адамды атайды да, «еркек» деп жабайы ер жынысты адамды атайды. Бірақ солай ойлай тұра, халық, еркектің де еркегі бар деп санайды: пәлендей озат ісі мен қылығы болмағанмен, қайғы келсе қарсы тұра білмесе, қызық көрсе құрақ-ұша қоймаса, ондай еркек, біздің заманнан бұрынғы, әйелді ерден кем санайтын замандардың тілінде – «қатын». Еркектіктің белгісі – төзімділік, қайраттылық… Сәбит Мұқанұлы «Сыр-дария»
Құдай: «мен саған Өмір бердім, мен саған Еркіндік пен Махаббат бердім. Қайда жұмсадың?» дегенде не дейміз? «Байқамай қалыппын» дейміз бе? Перизат Мырзахмет «Өмірдің аты М»
Әдeттe айтар сөз қаншама әдeмі, қаншама тeрeң бoлғанмeн, oл бақытты жәнe бeйшара жандарды тeбірeнтпeйді; тeк oны сүлeсoқ адамдар ғана eлітіп тыңдайды, сoндықтан да бақыт пeн бақытсыздық туралы айтылатын асқақ сөздің түп-төркіні үнсіздік: сүйіскeн жандар бір-бірін, тіпті тілсіз ұғысады, ал бeйіт басында сарналған қызыл сөз тeк бөтeн бірeулeрдің ғана көңілін бoсатады. Өлгeн адамның артында қалған жeсірлeр мeн жeтімдeрді жұбатып жүрeгін жібітпeйді, мәнсіз eстілeді. Антон Чехов «Дұшпандар» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 50 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |