26/09/2023, 22:23 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Ана дегенде көзіне бар елестететіні – тəңірдің жазғанына əбден мойынсұнып, қандай ауыртпалық болса да бəрін қабақ шытпай үнсіз көтеруге көндіккен, еріне, баласына деген ақ тілегін өз ғұмырынан да артық санайтын жұдырықтай ғана əйел. Дулат Исабеков «Сүйекші»
Мән – тіршілікті құлатпай ұстап тұратын ең маңызды нәрсе. Тіпті маңызды іске не үшін және кім үшін араласқаныңды саналы түрде айырмайтын болсаң, соның өзі психикаға кері әсер етеді. Не үшін адамды homosapiens деп атайды. Себебі ол әрбір қадам мен шешімді саналы түрде жасайды. Санжар Керімбай «Бейсен және Болмыс»
– Сенсіз қалай күнелтем – үйленейік, жүр, еркем! – Мен сүймесем, не етеміз? – Әлі-ақ сүйіп кетеміз, үйренісіп күні ертең.
Сүймей, күймей, зар қылмай, өмір құру – бір қайғы: сыйласудан тағдырдай шын махаббат тумайды. Фариза Оңғарсынқызы «Диалог»
– Сырқатыңыздың сырын айтайын ба, әлде емін айтайын ба? – дәрігер әйел аясы кең, бота көз сұлу қызға таңырқай қарады. – Емін айтқаныңыз жөн шығар. – Тұрмысқа шығуыңыз керек. – Өзім де жалғыздықтан жалықтым... Ауруымның шипасы сол ғой демек?! – Дәл солай, күйеуге тиюіңіз керек. Емхана ауласынан шыға бере көз жасына ерік берді, ұстай алмады өз-өзін... Толымбек Әбдірайым «Тағдыр сыйы»
Жақын жүргеннің бәрі жанашыр емес. Дос бар жерде, қарсылас та болады. Аңқылдай берме. Аяғыңды абайлап бас. Оң, солыңа қара. «Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында». Көтеріп барып тастап жіберсе, быт-шытың шығады. Быт-шытың шықса, ешкімге керегің жоқ. Жолдасың қарамайды, досың жоламайды. От басында да отырсаң опақ, тұрсаң сопақсың. Сүлеймен Мәмет «Көңіл көзі» (Қамшының сабы немесе айқаспаған кірпік)
Ұстаз деген кім? Мен оны білгенін үйрететін адам емес, шәкірттің бойында бар білімді ашу үшін қолынан келгеннің бәрін жасай алуға шабыттандыратын жан дер едім. Пауло Коэльо «Садақшы»
– Кейде ойға батып отырып, не ойлағанымды ұмытып қаламын. Себебі, мен ештеңе де ойламаған едім. Кейде күліп тұрып, жылағым келеді, мұңайып тұрып, күлкім келеді. Себебі, мен өмірдің қарапайым екенін, тек оны өзіміз күрделендіретінімізді түсінем. Өмірді түсінуге ұмтылған сайын өмірім күрделене түседі... Аягүл Мантай «Жауһар» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 47 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |