12/06/2023, 22:20 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Жауыздыққа жауыздықпен емес, жаныңның тазалығын сақтап қалумен жауап бер. Несіпбек Дәутайұлы «Архитектор»
Адам деген неменің ғұмыры ұйтқып-ұйтқып басыла қалатын қырдың желіндей құр әншейін өткінші нәрсе ғана болса, тұсында соның әрбір ұсақ-түйегін жіпке тізіп, тіркеп, бағатын адамның жады да мына сусыма құмдай тұрлаусыз бірдеңе екен ғой. Сонда анау аспан мен мынау жердің арасында баянсыздықтан басқа ештеңенің болмағаны да. Басқасының бәрі – өткінші, тек баянсыздық қана мәңгілік пе? Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы»
– Мынадай керемет өмірді тастап кететіндей сенің жағдайың сонша қиын ба? Анна Құдиярова «Үнсіз педофилия»
– Онда мені ойлаған екенсің ғой? – Ойладым, көп ойладым. Сіз туралы ешқашанда ойламаймын деп өзіме-өзім талай рет ант еттім. Бірақ соның артынша қалай ойлап кеткенімді өзім де білмей қалып жүрдім. Әзілхан Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар»
Жайды ұғыстық дегенге сенер едім, Айрылыстық дегенің не дегенің? Есенғали Раушанов
Біз де өлеміз, берілер қонақасы. Әркімнің де болар бір қаламасы... Серік Қалиев «Қонақасы»
«Дәрігердің үш қаруы бар: бірі — пышақ, екіншісі — шөп, үшіншісі – сөз» деп еді ол. Пышағы — хирургтің қандауыры, дәрі-дәрмек атаулының бәрі шөптен шығады. Ал шын жүректен шыққан жылы сөз, ауру адамға деген сүйіспеншілік сөзі — өте құдіретті сөз. Шерхан Мұртаза «Дәрігердің үшінші қаруы»
...Тым бақытты боп кеттім бе, тәңірім, осы жаз Не болар екен аяғы?! Есенғали Раушанов «1987 жылдың басты оқиғалары» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |
| |
Просмотров: 54 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |