22/05/2023, 21:34 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Егер, балам, өз адамымды таптым, тағдырымды жолықтырдым деп есептесең, онда үш қарапайым қағиданы естен шығарма! Бірінші: ешқашан да және ешқандай жағдайда да оны алдама. Екінші: ешқашан да және ешқандай жағдайда оның көзіне шөп салушы болма. Үшінші: алдадың екен, көзіне шөп салдың ба, онда ешқашан және ешқандай жағдайда оған айтушы болма. Бірақ алдыңғы екі қағиданы бұлжытпай есіңде сақтайтын бол, үшіншісі сонда келмейді. Айнаш Есали «Махаббатқа сенуге көмектесіңізші»
Алтыным! Шаттығыңды шарықтат, жігеріңді жалындат, жылылығыңды жоғалтпа. Ол – сенің ізгілігің, жақсылықты іздеуің, парасаттылығың, адамдығың емес пе?! Шуақты болған сайын ғана қуатты боласың. Сонда ғана іштегі жан дүниең жарқырай, жайнай түседі. Дала суық, мұз болғаны ештеңе емес, көңіл суық, мұз болғаннан құдай сақтасын! Әкім Ысқақ «Алтыным» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |
| |
Просмотров: 56 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |