Кітап үзіндісі
09/05/2023, 23:15

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Жақсы әйел кездессе, оның бағасын білу, сыйлай білу нағыз еркектің ғана қолынан келеді.

Орхан Памук «Сезім музейі»

 

Құдай мен адамның арасындағы махаббатта сауда болмауы тиіс. Біз екеуміз Құдайға деген сеніміміздің өтеуіне бірдеңе күтеміз. Жанымыздың шарқ ұрып, тыныштық таппауының себебі сонда болса керек, – деді ол әдеттегідей мәңгілік сауалдарға жауап іздеп.

Аягүл Мантай «Соқыр сана»

 

Өмір өңкей тойлардан құрала ма? Кейде ит болып балағыңнан қауып, дұшпан болып жағаңды жыртып, опасыздығын да жасайды ғой.

Жүрсін Ерман "Алыстан және жақыннан"

 

– Балам-ау, – деді күбірлей сөйлеп. – Балам-ау, заман тарылған жоқ. Тарылған сендердің замандарың ғой. Арам жолмен жиналған малдың балдай батып, судай сіңгенін көргенім жоқ. Түбінде бір құсарларыңды біліп едім. Енді келіп, бар үмітім, болашағым болар деген Шәріпті арам дүниеңе араластырма... Балам, саған ырымдап, киелі адамның Тұрардай тұлғаның есімін беріп едім, қайтейін, ақтамадың. Алла алдына аттанғалы жатқан шағымда мені пәнидің пенделік ісіне араластырма...

Кәдірбек Сегізбайұлы «Жол»

 

Жалпы болашақ атаулы бәрімізге бірдей және бірдей қажет десек те, жеке адамдардың тілек-мақсаты, мұң-мұқтажы бір-біріне ұқсамайды ғой. Айталық біреу – аш, екіншісі – жалаңаш, үшіншісі – ауру. Аш адамға тамақ керек, жалаңашқа киім, ал ауруға тек дәрі керек. Олардың қажеттерін шатастырып үлестіруге болмайды. Халықтар да сол сияқты... Біреудің мұқтажы біреуге игілік боп жарымайды. Әлгі өзіміз баспа беттерінде цивилизацияны ту етіп, адамзат мүддесі деп даурығып жүргеніміз – үстемдік құрып отырған төрт-бес ұлы халықтың ғана мұқтажы тәрізді. Болмаса мемлекеттер өмірінің негізгі жүгінері – экономика емес, мораль болатын кез жетті емес пе?!

Төлен Әбдік «Тозақ оттары жымыңдайды»

 

Қазақтың бұл күнде ел бастар серкеге, басшыға жарымай жүретіні, бастығы бір жаққа, бағынышты халқы екінші жаққа тартатыны – хан Кененің басы мен денесі бірікпеуінен деседі.

Қабдеш Жұмаділов «Ханның басы қанша тұрады?»

 

Баяғыда бір кісі қыстың күні балтасын жоғалтып алыпты. «Кінәлі біреу болу керек» демекші, жоғалған мүлкін көршісінен көреді. Бірақ көзбен көріп, ұрлық үстінде ұстап алмағасын көршісіне ештеңе деп айта алмайды. Дегенмен, көршісі кездесіп қалғанда ұялатындай көрінеді. «Е, істеген опасыздығы үшін ұялып жүр-ау» деп пайымдайды. Көп ұзамай күн жылынып көктем шығады. Жоғалған балтасы қар астынан табылып, көршісін жазықсыз кінәлағаны үшін қатты ұялады. Бар мәселе мұнымен бітпейді. Көршісі көрген сайын «сен маған жала жапқансың» деп айтып салатындай күй кешкен екен...

Аяз би «Катарсис. Кедей болуға мүмкіндік жоқ»

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 60 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: