24/04/2023, 19:25 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Мен білемін, сен әлі жассың қызым, ошақ-отқа ие болу оңай, бірақ білімге ие болу оңай емес. Сен өте ақылды қызсың. Қандай адам боламын десең де бола аласың, қай жолды таңдаймын десең де, таңдай аласың. Мен сені шын жүрегіммен түсінемін. Бұл соғыс біткенде Ауғанстан сендерге еркектерге мұқтаж болғанындай мұқтаж болады. Бәлкім, саған тіпті де зәру болатын шығар. Себебі әйелдері білімсіз елдің аспаны мәңгі қараңғы, Ләйла. Халед Хоссейни «Жарқыраған мың күн»
Альберт дауыстап айтып жатыр: – Соғыс бізді түкке тұрғысыз етті. Иә, дұрыс айтады. Ендігі жерде біз жастардың қатарына жатпаймыз. Өмірден керегін күшпен алмақ боп тағдырмен тайталасар дәрмен бізде енді жоқ. Біз қашқынбыз. Өзімізді-өзіміз тағдырдың тәлкегіне тастап қашып барамыз, өз өмірімізден өзіміз жеріп қашамыз. Біз он сегіз жаста ғана едік, осынау жарық дүниені, өмірді сүюді жаңа ғана бастағанбыз, амалсыз соған өзіміз оқ атуға мәжбүр болдық. Алғашқы жарылған снаряд тура біздің жүрегімізге тиді. Біз адамға тән ойлы іс-әрекеттен, мақсат-мүддеден, жаңашыл прогрестен қол үзіп, оқшау қалдық. Ендігі жерде біз солардың дұрыстығына сенбейміз. Біз соғысқа ғана сенеміз. Эрих Мария Ремарк «Батыс майданда өзгеріс жоқ»
– Жасаған жақсылығыңды ұмытып кететіндері жаман?!, – дедім. – Сіз жасаған жақсылығыңыздың қайтымын күтпеңіз. Сонда көңіліңіз тоқ жүреді, – деп тағы қарсылық көрсетті. – Өз басым сыйға сый болғанын қалаймын. Жақсылықты түсінбейтін жандардан алыс жүремін, – дедім зілді дауыспен. – Жақсылық жасау, жасамау сіздің еркіңіздегі дүние. Сізді ешкім мәжбүрлей алмайды ғой. Көп жағдайда адамдар қоғам алдында қадірін арттыру үшін қайырымды іс істеп, кейіннен өзі ойлағандай қайтымын ала алмай күйзеліске түседі... Аяз би «Катарсис. Кедей болуға мүмкіндік жоқ»
Бір қызық айтайын саған. Баяғыда біреу, жасы келген адам болса керек, бәйбішесі өліп тағы бір үйленіпті. Алғаны жастау біреу екен. Бір күні соғым сойып, етті бұзып отырып, мә, мынаны ұзынсары келгенде асып жейміз деп шимайлының барлығын әйеліне бөлек қойғыза беріпті. Күндердің күнінде әлгі адам жол жүріп кетеді. Сөйтсе бір бойы ұзын сары адам қонаққа келе қалады. Әлгі әйел жылы-жұмсақтың барлығын қазанға салып, асып береді. Риза болып ол кетеді. Енді күйеуі қайтып келеді. Көктем кезінде, бір күні, ал қатын, әлгі мүшелеріңді ас депті. Қайдағы мүше. Әлгі, ұзынсары келгенде асатын мүшең ше. Мен оны, бір ұзынсары адам келді, соған асып бердім депті. Қап, мен саған күн ұзарған, көктемнің кезінде жейміз деп едім ғой деп санын соғыпты әлгі бай. Таласбек Әсемқұлов «Талтүс»
Өмір өтер. Дос-жарандар қайта оралар. Отбасы да оңалар. Маған келмейтін, қайта оралмайтын, мен қайтара алмайтын бір жан бар. Ол – Әсел. Менің Әселім. Менің қызыл орамалды шынарым... Шыңғыс Айтматов «Шынарым менің, шырайлым менің» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |
| |
Просмотров: 63 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |