Кітап үзіндісі
19/03/2023, 22:03

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Әйелдің бағы қасындағы азаматына байланысты ғой қашанда...

Камал Әлпейісова «Жақсы көру»

 

Ендігі сенің серігің – сенім. Жақсылыққа, адалдыққа сенім. Тіршілікте жақсылықтың, адалдықтың болатынына сенбейтін адам өзі қайтіп адал болады, қайтіп өзгеге жақсылық жасайды? Жоқты бар қыламын деп пе? Жоқ. Олай істеу – өте қиын. Бәлкім, мүмкін де емес. Сондықтан, қызым, әуелі адал, шынайы махаббаттың бар екеніне сен, менің жазғанымды сонда ғана дұрыс түсінесің.

Бексұлтан Нұржекеұлы «Ерлі-зайыптылар»

 

«Көке, бақыт деген не?!» дегеніне әке Сарбаздың кідіре тұрып айтқан уәжі төмендегідей:

– Балам, бақыттың не екенін бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, бақытты әр адам әртүрлі қабылдайды, шүкірі мен қанағаты көп адамның бақыты да көп, оны есейе келе өзің де түсінесің...

Бибігүл Иманғазина «Тауқымет»

 

Сендер тек біреуді мақтаса-ақ болды, соны жек көруге дайын тұрасыңдар. Одан да ынтыға түссеңдер етті. Сен ғой оның бойынан қазір шектен тыс тәкаппарлықты, асқақтықты, мейірімсіздікті іздеп тұрсың.  Жо-оқ, ол дұрыс емес, адамның бойынан қолыңнан келгеніңше жақсылық іздеу керек, соны табу да керек. Өйткені, тірі адамның жүрегі тас емес қой, ал тас болмады дегенше, оның бір түкпірінде аяушылығы да, ізгілігі де бар деген сөз.

Дулат Исабеков «Пері мен періште»

 

Махаббаттың не екенін білмейтін бозбала мен бойжеткендерге ақпарат құралдары арқылы, бейнебаян, музыка арқылы сіңіскен, адамның тереңіне бойламайтын, бетіндегі «көбік сезімдермен» бағдарлама орнатып тастағандай. Белгілі бір әрекеттерді қайталасаң, мысалы тұрмысқа шығу жайлы тосыннан (тосын болмаса да) ұсынысты тізерлеп жасасаң  оның миы «ол мені шын сүйеді» деп оқып алады, ал шын мәнісінде, бұл «жасанды дәстүрге» айналған сыңайлы. Екі ғашыққа емес, достарына, әлеуметтік желідегі жазылушыларына арналғандай еді. Ешбір жеке тұлғаның шынайы сезімдерінің сыртқа шығуына мүмкіндік бермейтін...

Алишер Рахат «Parallel»

 

Жарың жақсы болса, саған деген ниеті ақ, адал болса – бақыт деген осы-ау. Ендеше, ол бақыты өзінің басында әуелден-ақ бар екен. Бұның ойға шауып, қырға шауып, тау асып, тас басып, сарсаң болып жүргені – сол бақытын аялап қорғаудың, ажырамаудың, жоғалтып алмаудың, жаттың қиянатынан сақтаудың амалы ғана екенін енді ұғынғандай...

Шәрбану Бейсенова «Бір махаббат баяны»

 

Солардың ішіндегі жылт етіп, ойына қона қалғаны: адам өз болашағына өзі қалай тапсырыс беретіні туралы еді. Кімді жек көрсең, нені ұнатпасаң, алдыңды кес-кестейді де, керісінше, біреу үшін барыңды беруге даяр болсаң, аяқ-асты содан айырыласың. Алдағы өміріңді абайсызда таңдап аласың... Төрткүл дүние сана шыңырауында бұқпантайлап жүрген сұрақтарыңа өз жауабын береді.

Алишер Рахат «Махаббатым Constant»

 

Жақсы, жаман деп жүргеніміз әр түрлі жағдайда әр түрли сипатқа ие болатын бір-ақ құбылыс.

Төлен Әбдік «Парасат майданы»

 

– Осы менің ұдайы күткен адамым бар секілді... Қасыма сол келіп, қабақ жадыратып, әлдебір үмітті күндерге жетелеп алып кететін сияқты. Сол кім? Кімді күтем мен?

Мұхтар Әуезов «Абай жолы»

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 76 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: