Кітап үзіндісі
13/03/2023, 23:18

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Адамнан адам айрылғанда өледі дегенге сенбеуші едім.

Жанындай жақын адамдардан айрылысу қасіретін кейбіреулер жеріне жетіп түсіне бермес.

Өз қайғысына өзі сүңгіп, өзімен өзі болып, енді бір еңіреді дейсіз. Жылағанда тұла бойы дірілдеп, бір шөкім ғана болып шөкті де қалды. Өзінен өзге дүниені ұмытып, шексіз мұң мұхитына бойлай сүңгіп, қасірет құзына құлап бара жатты.

Оның түбіне жеткен де осы шексіз махаббаты ғой.

Шыңғыс Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн»

 

Тәңірі тағала тән жасайтын балшықты илегенде қырық жыл қайғы, бір жыл шаттық суымен суарыпты. Тіршілікте қуанышты сәттің аз болып, қайғылы кездің көп болатыны осыдан екен. Қайғыдан соң шаттық суымен суғарғасын, адам ұрпағы қиындықтан соң міндетті түрде бақытқа кенеледі екен.

Санжар Керімбай «Махаббаттың мәні»

 

Ауызды Құдай көздің көргенін, ойдың ойлағанын, мидың қорытқанын айтсын деп жаратқан. Ал сен ақымақ сусын ішу, тамақ жеу үшін жаратқан деп ойлайсың.

Мамытбек Қалдыбай

Бауыржан Момышұлы «Мен – халқымның Бауыржанымын!»

 

Қыздың намысын ер-азаматтың қорғауы – парыз. Өзінің анасын – ана, өзінің қарындасын қарындас көріп, басқаның анасын, апа-қарындасын әншейін ұрғашы санайтын санасыз бөріктілер бар. Ананы ардақтаған, қызды қадірлеген еркек заты ғана азамат атына лайық. Әйтпесе шалбарды кім кимейді дейсің. Жылан да, ара да гүлдің нәрін сорады. Бірақ біреуі – бал, біреуі у жасайды. Еркек атын иемденіп жүрген бәтуасыз ер-азамат осыған ұқсас...

Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты»

 

Адам тек шын қайғы шексе ғана есейеді. Қайғы ғана адамның жүрегін махаббатқа лайық етіп өсіреді. Өзіңнің ақымақтығыңды сезінуден туған қайғы ақылды етеді. Өзіңнің суықтығыңнан тапқан қайғы – жүректі жылытады.

Шынар Әбілда «Өзгеріс ойдан басталады»

 

Мен секілді құнсыз адамның дүниеде тұруының еш қажеті жоқ, сендерді де, өзімді де əуре етпеймін, қинамаймын, көп кешікпей өлемін.

Ілияс Есенберлин «Махаббат мейрамы»

 

Қызғалдақ селк етті, санасын бір ой осып өтті: «Иә, иә, мейірім... Мейірім жетіспеген екен ғой маған мына өмірде. Нені аңсадым десем, мейірімді аңсаған екенмін ғой. Ішкі түйсігіммен, көзге көрінбес, адам жанын жылытатын, ту-талақай болған тағдырды жібек матадай етіп, басқа арнаға бұратын, мейірімге ұмтылған екенмін ғой...»

Бақыт Үсенғали «Біртүрлі қыз»

 

Ең бақытты сәт...

Негізінде ешкім де мұндай сәттерді басынан өткізіп жатқанда бақыттың ауасымен тыныстап, бақыт сарайында шат-шадыман көңілде қалықтап ұшып жүргенін де сезінбейді. Ең бақытты сәт екенін де білмейсің. Бірақ кейін өміріміздегі ең бақытты сәтті еске алғанымызда, оның баяғыда басымыздан өтіп кеткенін, енді қайтып келмейтінін ойлап, сол үшін қайғы жұтып азап шегетінімізді де білеміз. Осы қайғымызды емдейтін, көңілімізге демеу болатын нәрселер - сол бақытты сәттердің естелігі болар сүйіктімізден қалған бір естелік зат. Бақытты сәттерден қалған естелік заттарды көру де сол бақытты өткен күндерге деген сағынышыңды басады, жүрегіңді жылытады.

Орхан Памук «Сезім музейі»

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 76 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: