Кітап үзіндісі
06/03/2023, 07:47

 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Әр нәрсенің қадір-қасиетін айыруға келгенде саудагер сияқтымыз.

Эрих Мария Ремарк «Батыс майданда өзгеріс жоқ»

 

Нөсердей қас қағымда төкпелеген

Өмірге кім бар, кім жоқ өкпелеген?..

Ақпанды шың басына шығарып сап,

Келеді көктем түсіп Көктөбеден.

Исраил Сапарбай «Бір тамшы көздің жасындай»

 

Көктем келгенде... Көктем келгенде "Өмір" атты кітаптың жаңа парағы ашылғандай болады.

Жақау Дәуренбеков «Ойдауа»

 

– Білім аз жерді бәле-жала иектейді, оқу керек, оқыту керек, Тәке. «Білімді адам білімді адамды тез түсінеді», – дейді Ораз.

– «Біз ел болу үшін, әуелі білімді болуымыз керек. Білімді адамдар әбден көбейсе, өз елімізді өзіміз басқарамыз». Патша өкіметі бізді білімсіз етіп ұстады, өйткені қараңғы елді басқару оңай деп ойлады, ол айтқаныңа көне береді. Ал білімді адам тек көзі жеткеніне ғана сенеді.

Бексұлтан Нұржекеұлы «Әй, дүние-ай»

 

Ысырапшылдықтың ең үлкені уақытқа жасалған қиянат екенін біле бермейміз.

Мәлік Отарбаев «Таңғы шық»

 

Оқиға болғанын бәрі айтып бере алады, әлгі оқиғаның неліктен солай болғанын айтуға тырыс.

Дүкенбай Досжан «Анасы жақсы адамдар»

 

Қазір біз жастарды білімділікке үйретеміз, ал сезімталдыққа үйретпейміз. Сондықтан да қатыбас, ештеңеге жаны ашымайтын машина-адамдар тәрбиелеудеміз. Сондықтан да қазіргі баланың бойында сезіну, қорқу, қиялдау, шын сүйсіну қабілеті жойылып, ғылым мен техниканың мың-миллион термині миында быжынап кеткен.

Оралхан Бөкей «Бармысың, махаббат?»

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 71 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: