Кітап үзіндісі
13/02/2023, 20:36

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Ақ сұңқар ауға шырмалғанымен, ұясынан ұшқан балапаны сұңқарлық етпей қоймас!

Мұхтар Әуезов «Абай жолы»

 

Жаратушы жалғыз өмір береді екен, оның жауабын жалғыз сенен алады екен, онда неге жаны басқа, жазуы басқа адам менің өміріме əсер етуі керек? Өмірдің жауапкершілігі менің мойнымда болса, сол өмірге əсер ететін шешімдердің еркі менің қолымда болуы шарт...

Перизат Мырзахмет «Өмірдің аты – М»

 

Өзің істей алатын нәрсені құдайдан сұрап қайтесің!?

Мырзагелді Кемел «Ақыл ақылдан қуат алады»

 

Достарым менің, мен бір күнді жоғалттым.

Мырзагелді Кемел «Ақыл ақылдан қуат алады»

 

Орамал – қазақ әйелінің қорғаны. Балада "еңбек" деп аталатын тастөбесі бар ғой. Адам баласы сыртқы энергияны сол төбе арқылы қабылдайды екен, яғни жалаңбас, ашық-шашық жүретін әйелдерге жаман энергия көп өтеді. Сосын аурушаң, мінезі ұйқы-тұйқы әйел көбейеді. Осының барлығын ата-бабамыз баяғыда біліп, тұрмыстың бұлжымас заңына айналдырып жіберген. Қазір ғой бәрін ұмытып кеткеніміз.

Зейнеп Ахметова «Теңбіл тіршілік»

 

Жұбайына көзі түскен сәтте барлық проблемасын ұмыттырып, жан тыныштығын сыйлай білетін әйел еркектің бағы. Әйел күйеуіне сырласы һәм досы болуды үйренуі ауадай қажет. Қас-қабағына қарап жан дүниесін түсінуді үйрен. Ақша банкоматы болғандықтан емес азаматың болғаны үшін бас игін.

Руслан Қамбар «Үйленбей тұрып үйрен»

 

Абыз Абай құлағына кеп сыбырлағандай: Орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге түспейді екенбіз осы. Үзбей ізденіп, құмарланып жиған жан қазынамызды көбейтсе игі еді. Көбіне тәннің жайын ойлап, тәнді көркейтуге күш салдық. Жан жайына қалды. Ұзақтай шулап, қарғаша қарқылдап, ауылдағы боқтықтан, қаладағы базардан ұзамадық. Сөйтіп жүріп жан игілігінен, рухани байлықтан құр қалдық, бишікешке, қалталыға қоғадай жапырылып, ақылдыны айналып өтетін келеңсіз мінез жамадық.

Дүкенбай Досжан «Кешірім»

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 94 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: