26/12/2022, 21:58 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Бiрақ тап осы жолы бiз Жириновскийге кiнарат артып, кiжiнудiң орнына... рахмет айтуымыз керек. Неге? Себебi Жириновксий қазақтың маңдай алды ұлдары жасай алмаған iстi жасады. Iште жүрген қазақтың сөзi қазаққа өтпейдi. Ал сыртта жүрген «қазақ» Жириновскийдiң сөзiн барша қазақ көңiлге дiк алып қабылдауға үйренiп алған. Ол не десе де, оның сөзiне қарсы пiкiр, қарсы сөз, сосын – қарсы əрекет пайда болады. Гүлбиғаш Омар "Қайда барсаң – саясат"
Менің қазір ағаштан жасаған аяғым бар. Енді сіз мені майданға қайта жібергенде, басымды жұлып кететін болса, онда ағаштан бас жасатып аламын да, дәрігер боламын. Эрих Мария Ремарк "Батыс майданда өзгеріс жоқ"
Адам – өз өмірінің авторы. Әр ісімен өмір кітабының сценарийін жазады. Қаламы мен сиясы – оның рухани әлемі. Ендеше, өз кітабыңның сценарийін жазуда рухани қаламың ұшқыр болсын. Ешқашан сиясы кеппесін! Әдемі сценарий жазуға тырыс. Ертең Құдай алдында кітабыңның презентациясы жасалатындығын ұмытпа! Данияр Сүлейменов "Рух"
Егер маған әлдебір сиқыршы әйел келіп, тілектерімді орындауға уәде берсе, мен не тілерімді білмес едім. Алда-жалда менде әлдебір тілектер болған болса, олар бұрынғы мас кездерімде әдетке айналған нәрселер болар еді, ал сау кезімде мен олардың алданыш екенін, тілек етер ештеңе жоқ екенін білетінмін. Тіпті ақиқатты білуді де тілемес едім, өйткені оның қандай боларын шамалайтынмын. Ақиқат нәрсе - өмірдің мәнсіздігі ғана. Лев Толстой "Арылу. Өмір жайында"
Ойлағанындай күйеу кез келе берсе, әйел заты түгел бақытты болар еді. Жақсы адамға жақсы адам жолыға да бермейді. Тағдыр билейді, сәттілік біледі дейтініміз, бәлкім, содан. Қыз бала өз ұнатқан адамының қандай екенін, қаншама жанын сап зерттесе де, ешқашан алақанындағыдай анық-қанық біле алмайды. Қыз қанша қу болғанмен, жігіт те сырын оп-оңай алдырмайды. Бексұлтан Нұржекеұлы "Ерлі-зайыптылар"
Тек құдайға ғана өкпе жүрмейді: өзі берген жанын дәм таусылғанда өзі қайтып алады, оған өкпе жүрмейді. Ал жер бетінде қалған істің бәріне де сұрақ бар! Шыңғыс Айтматов "Ғасырдан да ұзақ күн"
...Мына ғұмырымды сыртынан кілттеп, "бұл жерде ешкім тұрмайды" деген тақтайша іліп, кете барсам?... Әйтеуір, бір тыныш жер табармын, мені ешкім танымайтын, мен де ешкімді танымайтын бір аймақты мекен етермін. Сосын, ағаш саясында, күн сәулесі жапырақтардың арасынан сығалайтын жерде шалқамнан түсіп жатамын. Маған ештеңені шешудің, ешкім жайлы ойланудың қажеті болмайды. Өзімді кінәлі сезінудің де... Біреуге шынымды айтуға тырысу да – керексіз. Өмір-өзен өзінше аға берсін, мен өзімше жата беремін. Айналамды тек табиғат қана қоршайды және табиғаттың өзімен ғана қатынас жасаймын. Ол менен ештеңе сұрамайды, мен көнемін де, қабылдаймын, жаңбыр жауса да, күн шақырайса да, қар жаусын мейлі, үндемеймін. Ағаш, су, жел, от, ауа, шөп, жануарлар... Алишер Рахат "Parallel" Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 116 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |