21/11/2022, 22:08 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Адассақ – адасайық, бірақ алжаспайық, алға тартайық. Адамдар адасу арқылы бір-бірін тауып, бір-біріне сүйеуші болады да. Оралхан Бөкей "Ұйқым келмейді"
Жетім кітап Кітап атты терең дүние жетімсіреп, қол қусырып қалды... Бәрінен бұрын өзіне дәріс етіп оқитын оқырманның саны азайды. Мәлік Отарбаев "Таңғы шық"
Бақытсыздық қайдан туады? Адам өз тағдырына өзі қожа дейді кейбіреу, олай болса, бақытсыздық қайдан туады? Кісі өзіне-өзі қастық ойлай ма? Бақытсыз болғысы келе ме? Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"
Адам сыры – сыр сандық ішіндегі қазына, онда алтын жатыр ма, бақыр жатыр ма бірден білу қиын. Кілтін іздеу керек! Ілияс Есенберлин "Көшпенділер"
Бастан сипай салғанда тұрған не бар? О, оны сендер білмейсіңдер. Жетім болып көрмеген білмейді. Жетімнің басынан сипаған алақан жер астында жатса да шірімейді. Адамзат әр алуан. Біреулер сипаса, біреулер сол басты жарғысы келіп тұрады. Дүние содан ала-құла. Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
Жалпы, жер бетіндегі адам дегендердің ортасында өмір сүру – азаптың азабы. Бірін-бірі өлтіру, бірін-бірі тонау, бірін-бірі алдау, бірін-бірі көре алмау, бірін-бірі ғайбаттау, бірінің үстінен бірі жамандап, жала жауып, арыз жазу... тілдеу, қандай жиіркенішті?! Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
Хан келеді, кетеді, халық қалады; халық қаласа, тақ қалады. Дінмұхамед Ахметұлы "Ақиқаттан аттауға болмайды" Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 87 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |