07/11/2022, 20:17 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Ғашықпын Әр күз сайын сүйіктімді ерекше сағынамын. Оның жылы алақаны мен ыстық құшағын аңсаймын. Әр жанның бойынан оны іздеймін. Бірінің дауысында, бірінің қарасында бар сияқты. Таба алар емеспін. Тани алар... Білерім, ол – мейірімді. Оқыған. Мінезі жұмсақ, бірақ қажет жерде өжеттігі де бар. Еркелігімді көтереді. Көтеріп қана қоймай, өзі еркелетеді. "Қошақаным" деп атайды. Сырт келбеті ме? Ол аса маңызды емес-ау... Бойы ұзын болса, болды. Арықша келген. Қараларды ұнатпаймын. Жалпы жігіттің сұлу болғаны емес, өзіне сенімді болғаны маңызды мен үшін. Оның қасында жүргенде өзімді қорғаулы сезінгім келеді. Кедергілер мен қиындық атаулыдан соның құшағында жасырынып қалғым келеді... Торғын Жолдасбекқызы "Араша"
Кешке шейін тірі өмір сүрсең, таңға шейін де өмір сүретініңе толық сенімде болма. Ал енді таңға шейін өмір сүрсең, міндетті түрде кешке шейін өмір сүрем деп ойлама. Сен бүгін, қазірдің дәл өзінде өмір сүріп жатырсың. Өткенді қайтара алмайсың, ал енді келешек әлі келген жоқ. Сондықтан бүгінгіңе, қазіргіңе көңіл бөл. Аид әл-Қарни "Мұңайма!"
Көк пенен жердей, Есік пен төрдей Біздер де бөтен бола бастадық... Ұлықбек Есдәулет "Киіз кітап"
– Өсек те, сөз де бізді билемеуге тиіс, Шәйкен. Өзімізді өзіміз билейміз. Ондайға опырыла қалатын мені кім деп жүрсің? Мен өмір сүруге, ол өмірді тек сенімен бірге сүруге біржола бекінген адаммын. Дәтім берік, күдіктенбе! – Жаным! Сені құдай әке-шешемнің, туған-туыстың – бәрінің өтеуіне берген шығар? Құшақташы! Жалғызым! Бексұлтан Нұржекеұлы "Әй, дүние-ай!"
– Абайжан, – деп, ақырын ғана сөз бастап, Ұлжан баласының бетiне жүз бұрды да, – ой да көп, уайым да көп ойлай берсең, ой да жоқ, уайым да жоқ ойнай берсең! – деп едi. Сен соған бақтың ба, балам? – дедi. Мұхтар Әуезов "Абай жолы"
Жақсы адамды қарқ қылатын өмір жоқ, есер-есірік болмасаң, тіршіліктен пайда жоқ. Мұхтар Әуезов "Абай жолы"
Ұрлық, қарлық, зұлымдық, зорлық, қиянат сияқты қылмыстар өше берудің орнына өсе берсе, сол қылмыстардың бәрі де басқарушылардың өз бастарында болғаны! Ғалым Қадірәліұлы, Қайролла Мұқанов, Социал Жұмабаев "Ғабит Мүсірепов жайлы лебіздер"
Сенің кезегің келді. Адамдарға пайдалы болатын нәрсені істеу уақыты келді. Ғани Байғалиұлы "Кайдзен"
Кедергінің кішісі жоқ Кейде көз алдындағы бір ғана саусақ нұр шашқан күнді көрсетпей жасырады. Мәлік Отарбаев "Таңғы шық" Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 94 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |