Кітап үзіндісі
31/10/2022, 13:51

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Өкшелес буын, ойыныңа, ойыңа қараймын...Өзім ұшып кете алмаған биікті сендерге тілеймін. Өзің аспанда, ойың төменде жүргенше өзің төменде, ойың аспанда жүрсін, жаным!

Ғалым Қадірәліұлы, Қайролла Мұқанов, Социал Жұмабаев "Ғабит Мүсірепов жайлы лебіздер"

 

— Қазақ ішкі алауыздығын қоймаса, ешқашан ел болмайды. Бірін бірі жамандайды, бірін бірі көре алмайды. Біреу озып бара жатса біреу оның аяғынан шалады. "Неге өйттің?" десе, анау оған кектене қалады. Менің ойымша, бұл да соғыстың бір түрі. Ал үнемі өз-өздімен соғысып жатқан елде ілгерілеу бола ма?

Бексұлтан Нұржекеұлы "Әй, дүние-ай!"

 

Өмір сүру керек екенін әлдеқашан ұғынып, мойынсұнған жоқ па едің?! Енді босқа сары уайымға түскеннен өнетін ештеңе жоқ!

Бибігүл Иманғазина "Тауқымет"

 

Не қылған сұлу, не қылған нұр сәулесіз. Ашуланған жүзіңізден де нұрдан басқа еш нәрсе көре алмаймын. Сіздің нұрыңыздың бір сорлы тұтқыны менмін, білермісіз? Көз саларсыз ба?

Мұхтар Әуезов "Түнгі сарын"

 

Екі рельстің арасы Рим кезеңінен қалған стандартқа сай 143,5 сантиметр. Ал бұның ерлі-зайыптыларға қатысы қанша деген сұраққа былай деп жауап береді:

Сендер жаңағы рельстер сияқты, аралық қашықтықты сақтай отырып, үнемі қатар жүретін боласыңдар. Егер күндердің күнінде сол екеудің біреуінің сәл қашықтап не тым жақындап кеткісі келсе, бұл ережеге қайшы келеді.

Қабірімнің басына "Ол дүниеден тірі өтті" деп жазылғанын қалаймын.

Пауло Коэльо "Заһир"

 

Мені аямаңызшы, аға, біреудің аянышты көзі мен сөзінен қорқамын. Қанша мүсіркегенмен менің жанарымды жазып берер адам жоқ жер бетінде. Мен мүсәпір де, сормаңдай сорлы да, тіпті керек десеңіз, соқыр да емеспін! Мен адаммын!

Оралхан Бөкей "Бармысың, махаббат?"

 

Паустовский айтады: "Ана тілін ұмытқан адам – Отанға аса қауіпті" деп. Мен айтамын: "Сол аса қауіпті адамдардың қаншасы қазаққа біткен қара қазанның құлағын ұстап отыр..." деп.

Исраил Сапарбай "Бір тамшы көздің жасындай"

 

Өзіңе аманат етілген өмірді қалай сүрдің?

Торғын Жолдасбекқызы "Араша"

 

Бұдан былай сенің аузыңнан бөтен, ыңғайсыз сөзді естімейтін болайын. Білесің бе, бір ауыз сөз адам тағдырын шешеді, адам өмірге уақытша, аз күнге келген пенде, адам болып туып, адам болып өлген артық, аузыңнан шыққан сөзің мен лебізіңнен, адамгершілік пен сыр-сымбат сұлулықтың лебі есіп тұрсын, ұқтың ба бауырым, сен інім болған соң осыны қатаң түрде талап етем.

Жолдасбек Адай "Қарауылтөбе қырғыны"

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 100 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: