Кітап үзіндісі
10/10/2022, 19:17

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Өмірдің екі тірегі — үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

Дінмұхамед Ахметұлы "Ақиқаттан аттауға болмайды"

 

Тағдыр қалап егерде,

Жүз көз берсе құдірет,

Жүзі де сізге қарар еді.

Әміржан Әлпейісов "Ана жүрегі"

 

Өткен өмір қайта жазуға болатын кітап емес: өтті, бітті. Қатесін де, қате емесін де түзете алмайсың. Өзіңе, өзгеге ұнай ма, ұнамай ма – бәрібір. Білмейтіндерге бұрмалап, әдемілеп айтуға болар, бірақ өзіңді өзің алдай алмайсың. Әрбір адам өз өмірін өзі зерттеу арқылы адам болады. Онда да дұрыс шешім шығара алса. Іштарлық, кекшілдік, атаққұмарлық, кеңпейілділік, көргендік, адамгершілік сыяқты мінез-құлықтың қалыптасуы, сірә, сол шешімге байланысты болар. Алайда, қалай шешсең де, бәрі өтеді, кетеді, бітеді.

Бексұлтан Нұржекеұлы "Әй, дүние-ай!"

 

Көлден өтiп, көлденең шөлден өтiп,

Өлмегенмен өзiңдi өлмелi етiп,

Ел жадынан тезiрек ұмытылсаң,

Ешкiм бiлмес, танымас жерге кетiп.

 

Бiзде нендей алысқа самғар күш бар,

Бәрi өтпелi – арзу, ой, арман құштар.

Қалатыны түк те емес – бiр құлпытас,

Қонып ұшар қанаты талған құстар.

Есенғали Раушанов “Интервьюдан соң” өлеңінен үзінді

 

Шариғат бұйрығынша, ер бала мен қыз бала тең болуға тиісті. Ер баланы артық көріп тәрбие қылсын да, қыз баланы кем көріп тәрбие қылмасын деген шариғат бар ма? Қыз баланы кемге тұтыну жаһиттік белгісі емес пе?

Серікбол Хасан "Қазақ пен қазан"

 

Егер мен сенің тағдырынның бір бөлігі болсам, сен маған түбінде бір ораласың. Махаббат болса сенің өз сүйгеніңнің жанында болғаныңды талап етеді.

Пауло Коэльо "Алхимик"

 

– Бай, бағлан боп, қадiрлi болмайды жiгiт! Өнерлi боп, сол өнерiн ұстай бiлiп, қадiрлi болады. "Өнерпаз болсаң – өр бол" дейдi, Бiржан аға. Жалқы бол, жарлы бол, ол кемшiлiк емес. Өнерлi ақын, асқақ әншi болсаң – ел көңiлiндегi мұңды айтып, көзiндегi жасты тыйсаң, сенен зор, сенен қадiрлi болмасқа тиiстi!

Мұхтар Әуезов "Абай жолы"

 

Әлде мені сағындыра түсейінші деп пе едің,

Мұның қалай, тентегім-ау, тым хабарсыз кеткенің?

Мұхтар Шаханов "Танакөз"

 

Қашқаны үшін қарлы қыстан, қаһар шашқан күздерден,

Мүмкін, құстар әлдеқайда бақыттырақ біздерден.

Мұхтар Шаханов "Танакөз"

 

Дарының мен еңбегің бағаланбаған кезде өнерге өкпелемеуің үшін қанша қабілетті, шебер болсаң да ақша мен билікті өзге жерден ізде.

Орхан Памук "Менің атым – Қырмызы"

 

– Бұларың дұрыс па, жоқ па білмеймін, – деді Зариф, – біздің де жауапкершілігіміз, ерік-жігеріміз бар. Мен Алладан басқа ешкімнен қорықпаймын. Ол бізге жақсылық пен жамандықты ажыратсын деп ақыл, сана берген.

Орхан Памук "Менің атым – Қырмызы"

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 119 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: